16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз



бет4/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

21. Басқару нысандарын сипаттаңыз
Атқарушы биліктің негізгі міндеті - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл міндет басқарудың əртүрлі нысандарында жүзеге асырылады. Əкімшілік құқықтағы басқару нысаны деп тек қызметтің ғана емес, сонымен қатар басқарудың да сыртқы көрінісі (құжат) саналады. Басқару нысанын заң анықтайды жəне нысандар құқықтық жəне құқықтық емес болып бөлінеді.
Басқарудың қүқықтық нысандарына мыналар жатады.

  • нормативтік құқықтық актыларды дайындау жəне қабылдау;

  • шарттар жасасу.

Нормативтік құқықтық актілерді дайындау жəне қабылдау - жария мүддені тек зандардың көмегімен қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан атқарушы билік органдарының əкімшілік норма шығаруға мұқтаждығымен байланысты қызметінің негізгі түрі. Билікті өкілеттіктің сипаты тек құқықтық нысандарда ғана көрініс табады.
Нормативтік құқықтық актілерді дайындау, талқылау, қабылдау жəне жариялау тəртібі заңмен анықталады. Бұл тəртіп бұзылған жағдайда нормативтік құкықтық актілерді күшіне енгізу жəне жариялау мүмкіндігі де жойылады.
Атқарушылық-билік қызметінің шарттар жасасу сияқты саласындағы басқарудың мұндай құқықтық нысаны мемлекеттік басқару органдарының көлбеу деңгейдегі қызметін үйлестіруге, əртүрлі басқару орталықтары орындайтын мамандандырылған басқарушылық еңбекті біріктіруге, ведомстволар арасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.
Басқарушылық қызметтің нақты нысандары мемлекеттік қызмет нысандарымен байланысты. Басқарудың құқықтық нысандары қызмет түрінің , яғни құқықты белгілеу, құқықты қолдану жəне құқықты қорғаудың қажеттігімен тығыз байланысты.
Яғни, мемлекеттік басқару органдары:

  • іс-əрекеттің заңға сəйкес ережелерін белгілейді;

  • билік ету өкілеттігін жүзеге асырады жəне əкімшілік əрекетті жүзеге асырады.

Басқару байланысын орнатудағы өзара келісімдік заң актісі болып табылатын шарт туралы жалпы ұғым бұл нысанның мүмкіндіктері жайында сөз етуге негіздемелер береді. Шарт жария мүдделер саласына қызмет етеді, онда субъектілер еркіне мемлекеттің арнайы белгілеген ережелері тежеу болады. Басқарудың құқықтық емес нысандарына ұйымдық жəне материалдық-техникалық əрекеттер жатқызылады. Өздерінің мақсаттары бойынша басқару органдарының ұйымдық əрекеттері (қызметі) құқықтық əрекеттерге ұқсас, тек оларға қол жеткізу құралдары əртүрлі. Ұйымдық əрекеттер мыналардан көрініс табады:

  • заң жəне басқа актілердің мазмүнын түсіндіру;

  • қызметкерлерге, лауазымды адамдарға аттестация жүргізу жəне нұсқау беру;

  • басқару органдарының жұмысын тексеру жəне жинақтап қорыту;

  • төменгі тұрған басқару органдарының басшыларын қатыстырып кеңес, мəжіліс, екі министрліктің бірлескен алқа мəжілісін өткізу жəне басқа шаралар.

Материалдық-техникалық əрекеттер мыналармен байланысты:

  • органдар мен лауазымды адамдардың жұмысын ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етуді жүргізу;

  • іс қағаздарын жүргізу (хат алмасу, құжаттарды көбейту, оларды сақтау);

  • есепке алу-тіркеу жұмыстары, қабылданған шешімдер негізінде қажетті құжаттарды беру(реестрге кіргізу, тиісті нөмірлерін көрсету, т.б.)

Мұндай əрекеттердің жүзеге асырылу тəртібін арнайы құзырет берілген органдар да (статистика жəне т.б.), министрліктердің, ведомстволардың актілері де (нұсқаулар, ережелер) анықтай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет