16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз



бет13/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

Әкімшілік – бұлтартпау шаралары және іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары мәжбүрлі түрде құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату (кесу) және олардың зиянды салдарларын жою кезінде қолданылады. Бұл шаралар да кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді және полиция органдары, мемлекеттік инспекторлар және кейбір жағдайларда халық бақылаушылары (народные дружинники) қолданады. Әкімшілік бұлтартпау шараларына мыналарды жатқызуға болады:
- әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның физикалық бостандығын қысқа уақыт ішінде шектеу. әкімшілік құқық бұзушылықтарды тоқтату, хаттама толтыру, әкімшілік істерді өз уақытында қарауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Бұл шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады;
- кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтату, мысалы, еңбекті қорғау ережелерін, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда;
- техникалық жағдайы қауіпсіз жол қозғалысына қауіп төндіретін жағдайда ақауы бар автокөліктерді пайдалануға тиым салу;
- егерде оларды иемденуге рұқсаты болмаса, қандайда болмасын ережелерді бұзушы тұлғалардан мүліктерін алу (суық қаруды, мөрлерді, штамптарды);
- қалпына келтіру сипатындағы мәжбүрлеу шаралары (мысалы, өз бетімен тұрғызған құрылыстарды бұзу, өз бетімен тұрғын үйге кіріп алғандарды әкімшілік шығару);
- полиция қызметкерлерінің қаруды қолдануы, мысалы, шабуылдан азаматтарды қорғауда, кепілге алғандарды босатқанда, полиция қызметкерлеріне шабуыл көрсеткенде;
- қоғамдық тәртіпті әдейі бұзушыларға самбоның, еркін күрестің, әскери күрес әдістерін қолдану, рәзіңке таяқшаларды пайдалану, кісен салу арқылы тікелей физикалық ықпал ету;
- өкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қоғамға жат қылықтарды тоқтату талабы.
Әкімшілік — ескерту шаралары да (құқық бұзушылықтардың алдын алу), сондай — ақ әкімшілік бұлтартпау шаралары да (жасалынып жатқан құқық бұзушылықтарды тоқтату), ереже бойынша, кінәлі тұлғаларды олардың құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалауға дейін қолданылады, яғни әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады. Іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары, мысалы, жеке басын тінту, қарау, тексеру, заттарды тінту, тексеру, қарау, заттар мен құжаттарды алу, әкімшілік істерді шешу тәртібі заңдылықты нығайтуға ықпал етеді, заңнамада белгіленген шектерде және тәртіпте қарастырылған жағдайда ғана қолданылады.
3) Әкімшілік жазалау шаралары, мысалы, айыппұл салу, тәркілеу, әкімшілік қамау - заңды жауапкершілік шараларын білдіреді және нақты құқық бұзушылықтарды істегенде қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бұл тобы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны заңдылықты сақтау, адамзат тұрмыс – тіршілігінің ережелерін құрметтеу және құқық бұзушылардың өзерін, сондай-ақ басқа да тұлғалардың жаңа құқық бұзушылықтарды жасамауларын ескерту рухында тәрбиелеу мақсатында қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет