17. Гравиметриялық әдіс. Гравиметриялық анализдің жіктелуі. Аналитикалық тепе-теңдік. Гравиметриялық анализ


Ұжымды оқытуда оқушы мынадай ролдер атқарады



бет5/7
Дата23.12.2021
өлшемі53,24 Kb.
#128441
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
17-18-19-20 (копия)

Ұжымды оқытуда оқушы мынадай ролдер атқарады:

Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек. Өзінің ғана емес, өзгенің еңбегі де жауапкершілікпен қаралуы керек. Түсінген әр оқушы басқаға, серіктесіне меңгергенше түсіндіру. Өзі оқи отырып, өзгені оқытуға үйрену.

Сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, қазір оқушының жеке ойы мен көзқарасы құнды болып отыр. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

Топтарға арналған ережелерді құру: Ережелер топтардағы жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін.

Мысалы, мынадай ереже тізімі:

1.Бір-бірін мұқият тыңдау;

2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

3.Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

4.Мен және менің пікірім;

5.«Тоқта» ережесі;

6.Ортақ пікірге келу;

7.Құпиялылық т.б.

Топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Талап бойынша топтық жұмыста жеке тапсырма, жұптық тапсырма, топтық тапсырмалар беріліп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет