17. Лирикалық шығарманы талдау әдістемесі


М.Мағаиун “Қос ағаш” әңгімесіне интерпретациялық талдау жасаңыз



бет3/3
Дата25.12.2023
өлшемі31,21 Kb.
#199107
1   2   3
Байланысты:
17.36.55
Сертфикат ІІ ойын, біржан мен сара айтысы, 23-02 17-50
55.М.Мағаиун “Қос ағаш” әңгімесіне интерпретациялық талдау жасаңыз
Интерпретация (interpretation) - нақты тілде ұсынылған кейбір синтаксистік аяқталған мәтіннің мағынасына түсініктеме беру
М.Мағауин «Қос ағаш» әңгімесінде ұлттық, ұлттық рух тұрғысынан киелі ағаш культын ұсынады. Суреткер бала көңілімен, бала қабылдауымен танылған алтын мен күміске малынған Қос Ағаш бейнесі – қазақтың құт-берекесінің символын берген тәрізді. Ары қарай жазушы осы бала танымындағы Қос Ағаш бейнесінің жомарттығы мен паңдығын, бірегей қасиетті Қос Ағаштың енді құлдырау үрдісін градациямен бала көзімен беріледі. Уақыт өте келе, заман ағымына қарай қазақтың рухына түскен жарықшақ, санасына түскен дақ Қос Ағашқа да әсерін тигізбей қоймады. Бірақ қаншама мың жыл бойына небір аласапыранға мізбақпай тұрған Қос Ағашқа қазіргі болып жатқан қоғамдағы өзгерістер бұйым емес еді. Нешеме жылдар бойына ешнәрсені көзіне ілмеген Қос Ағашқа айдың күні аманында қурай бастайтындай не болды?- деп авторлық таныммен сауал қоя отырып, суреткердің өзі жауап береді. Бір кездегі дәл түбінен мол сулы қасқа бұлақтың көзі бітеліп, батпаққа айналған шұқанақ орынға айналғандығын және бұтақтарына байланған оңған, тозған сұрықсыз шүберектерді, төңірегіндегі көк шалғын шөптің орнына, сортаң қу тақыр, сиыр ізінен басқа түк көрінбейтін тіпті алабота мен қурайдың өзі де жоқ көріністі бейнелеу арқылы Қос Ағаштың Тәңірінің емес өзінің ұрпақтары деп жүрген адамдардың назарынан тыс қалуын көрсетеді. «Көзі бітелген бұлақ» пен «оңған, тозған шүберектер, ақтықтар» – кішкентай ғана елеусіздеу детальдарды келтіре отырып, айтар ойын ишаратпен түсіндіреді. Бұл детальдар көптен адам аяғы баспаған Қос Ағаштың киесі мен қасиетін ұмытқан адам оның көзін ашып, оған табынып әулие тұтып не қылсын! Қос Ағаш адамдардың өзіне деген құрметтің азайғандығын сезгендіктен осындай халге түсіп, қурай бастаған екен. Оған керегі тек елдің сүйіспеншілігі мен ұмытпай тағзым етіп еске алып тұрғандары қажет екен. Зәулім бәйтерек өткен мен бүгінді және ертеңді жалғастырып тұрған көркемдік образ түрінде де алынған. Жазушы әңгіменің сюжеттік құрылымын шиленістіру арқылы ауыл маңындағы алдыңнан асқар таудай менмұндалап тұратын Қос Ағаштың жоқтығы кейіпкеріне қаншалықты ауыр тигендігін психологиялық көңіл-күймен суреттеген. Шегініс жасау арқылы, әңгіменің ішіндегі әңгіме кетіп, Қос Ағаш қазасының себебі кейіпкер ойымен қорытылып, түйінделіп отырады. Желегі қайтқан, бірақ көгі таусылмаған бірақ жалаңаш дің, арбақ-сарбақ қу бұтақтары Ағаштың қартайғанын анық аңғартатын еді. Жазушының ең басты айтпағы – қажыр-қайратың кеміп, қартайған шағында да қолыңнан келер қайраның, тигізер еш пайдаң болмаса да сыйлысың, егер құрметтейтін елің, түсініп-бағалар жұртың болса... Автор Қос Ағашқа жұрттың бұрынғыдай таңырқамайтынын, сый-құрмет азайып, ақтық байлау тоқталған сайын қос жетім құсап жабырқап қалған қос қарияның бейнесіндей әдемі берген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет