17. Лирикалық шығарманы талдау әдістемесі


Шығарманың көркемдік уақыты мен кеңістігі



бет2/3
Дата25.12.2023
өлшемі31,21 Kb.
#199107
1   2   3
Байланысты:
17.36.55
Сертфикат ІІ ойын, біржан мен сара айтысы, 23-02 17-50
Шығарманың көркемдік уақыты мен кеңістігі. Шығарманың кеңістік-уақыт континуумын қандай көркем детальдар құрайды?
Көркем бейнелеу құралдары. Автор образ жасау үшін қандай троптарды, фигураларды пайдаланады (эпитет, метафора, анафора, антитеза, синекдоха, инверсия, трансферт, т.б.)? Олардың мағынасын сипаттаңыз. Кез келген әдістің айқын басымдығы бар ма? Оның мағынасы. Дыбысты қолдануға назар аударыңыз. Автор дыбыс жазудың қандай түрін қолданады (ассонанс, аллитерация)? Ол қандай рөл атқарады?
Көркем детальдар. Басқа қандай бөлшектер мен суреттерді сипаттау керек? Олардың қайсысы шығармада ерекше көзге түседі? Олар бейнелер жүйесінде қандай орынды алады? Шығарма мәтінінде осы автордың шығармашылығына тән, оның басқа шығармаларында да көрінетін детальдар мен тәсілдер бар ма? Бұл шығарма мәтінінде автордың қандай да бір әдеби ағымға берілгендігіне қатысты детальдар мен әдістемелер бар ма?
Лирикалық қаһарман. Лирикалық қаһарманның мінезі, сезімі, дүниеге, өмірге деген көзқарасы туралы не айта аласыз?
Шығарманың жанры. Қандай жанрлық ерекшеліктерішығармада пайда болады (элегия, ой, сонет т.б.)? Бұл шығарма өнердің қай түріне жақын (кино, драма, музыка т.б.)? Неліктен?
Жұмыстың тақырыбы. Шығарма не туралы? Бейненің ортасында қандай объект, мәселе, сезім, тәжірибе орналасқан?
Жұмыстың идеясы. Автор аталған объектіні, мәселені, сезімді, тәжірибені қалай қабылдайды? Автор оқырманды не туралы ойландырады? Бұл шығарма не үшін жазылды?

36.Жаңартылған білім беру бағдарламасында берілген бір ақынның өлеңін мәнерлеп оқып, әдеби-тілдік талдау жасаңыз
А.С.Ақтанова, А.К.Жундибаева, Л.К.Жұмекенова.-Атамұра баспасы 2018жыл
Абай Құнанбайұлы
"Ғылым таппай мақтанба"
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз. 
Жамандық көрсең нәфрәтлі
Суытып көңіл тыйсаңыз. 
Жақсылық көрсең ғибрәтлі, 
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене, 
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, 
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер
Жанбай жатып сөнсеңіз? 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл берсеңіз. 
Абай Құнанбаевтың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай Құнанбаев өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылдырады. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 
«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол...» -деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бүл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады. 
Авторы: Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Жастарды ғылымға, білімге, өнерге шақыру.
Идеясы: Ғылымның үлкен қазына екенін айту.
Жанры: Өлең.
Шумақ: 6
Тармақ: 24
Бунақ: 2
Буын: 6 – 8
Ұйқас түрі:аралас ұйқас
Өлеңдегі жаңа сөздермен танысу.
Ғибрәтлі - үлгілі деген сөз.
Нәфрәтлі - жиіркенішті деген сөз.
Асық - сөзінің синонимі ұмтылу, қашық – сөзінің синонимі аулақ болу.
Абайдың өлеңінде 5 асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымшылды,. 5 жаман іс: өсек, өтірік айту, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет