1822 жылғы "Сібір қырғыздарының жарғысы" және 1824 жылғы "Орынбор қырғыздарының Жарғысы" кіріспедегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеді


ХVIII-ХІХ yüzyıllarda hitabet sanatının gelişimindeki sorunların kendi sözlerinizle yazın



бет14/25
Дата22.12.2023
өлшемі115,36 Kb.
#198452
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Қазақстан жаңа заман тарихы 31-60
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
48.ХVIII-ХІХ yüzyıllarda hitabet sanatının gelişimindeki sorunların kendi sözlerinizle yazın
XVIII-XIX ғасырларда шешендік өнерді дамытудағы проблемалар туралы өз сөзіңізбен жазыңыз
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. [2,219]
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалымлингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген. 
XVIII – XIX ғасырларда өмір сүрген би-шешендер екіге бөлінеді: «Хансұлтандарға қарсы шешендер» деп, оған Байдалы би, Ер Жәнібек, Қазыбектің немересі Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешендердің есімдерін жатқызады. Бұларды төртінші кезең деп есептейді. Ал бесінші кезең «Бекболыстарға қарсы шешендер» деп атап, оларға Сырым Датұлы, Досбол Қорлыбай баласы, Балаби Есенәлі баласы сияқты шешендерді, солардың есімдерімен байланысты шешендік сөздерді жатқызады. Бұлардың қатарына кіші жүздің атақты батырлары әрі билері Мөңке би Тілеуұлын, Есет Көтібарұлын да жатқызамыз. Байдалы, Тіленші, Мөңке сияқты билер философиялық танымы биік, көреген ойшыл, дана билер болса, Ер Жәнібек, Сырым, Есет батырлар – халқының азаттығы үшін сөзі мен қаруын қатар жұмсаған ғажайып тұлғалар. Бұл шешендердің өмір сүрген заманы – қазақ елінің шұрайлы, нулы, сулы жерінен, құтты-жайлы қоныс-мекенінен айырылып, зар жылаған шағы еді. Патша үкіметі жазалаушы отрядтарын – казак орыстарды қазақ ауылдарына жұмсап, құт-берекесін кетірді. Сөйтіп, паналы қыстау, саялы жайлаусыз жазы-қысы қыратта қалған қазақ малы жыл сайын жұтқа ұшырады. Тығырыққа тығылған қазақ ауылдары Жайық жағасына жақындаса-ақ болғаны, шекара отрядтары ауыл адамдарын қырып-жойып, малмүлкін талап әкетіп отырды. Мұндай шапқыншылық пен бассыздыққа қарсы батыр-билер халық алдына сөз сөйлеп, елі мен жерін қорғауға жұртын шақырады. Мысалы, Сырым Датұлы 1783 – 1797 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушысы болады. Қазақ ұлтының басына түскен зұлмат жылдарда Сырым Датұлы, Есет Көтібарұлы сияқты батырлар патшаның езгісіне, оның отарлаушылық саясатына және жергілікті жандайшаптарға, арам пиғылды хан-сұлтандарға қарсы күреседі. Қазақ шешендерінің болмысына ой жүгіртсек, оларда батырлық пен шешендік, ойшылдық пен көсемдік тамырласып, тұтасып жатқанын аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет