1822 жылғы "Сібір қырғыздарының жарғысы" және 1824 жылғы "Орынбор қырғыздарының Жарғысы" кіріспедегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеді


Kazakistan'daki 1916 Ulusal Kurtuluş Savaşı'nın bir tanımını hazırlayın



бет25/25
Дата22.12.2023
өлшемі115,36 Kb.
#198452
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Қазақстан жаңа заман тарихы 31-60
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
60.Kazakistan'daki 1916 Ulusal Kurtuluş Savaşı'nın bir tanımını hazırlayın
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық соғысының сипаттамасын дайындаңыз
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменг ібилік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндег іесепшілермен бухгалтерлерді, жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.
Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пе нтәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің біріндебайлар, болысбасқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.
Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.
М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан бұрын, 2 және 3 шілде де келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс және оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанұлы және басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды ұйғарды. Нәтижесінде 17 шілдеде Жетісуда жәнеТүркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мұнда ірі әскери күштер алып келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушылары менірі қақтығыстар болады.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды әкеп төкті. Осыған қарамастан, Торғай облысында көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангелин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты.
Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды, - деп есептеді. Екіншіден, іс жүзінде қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды.Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына үміт артты. Империямен ақылға қонымды келісім тактикасын ұстанып, халқының аман болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыра тұрып, тиісті әзірлік жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет