19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Дағдарыстан шығу жолдары. Тоталитаризм немесе демократия?



бет62/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Дағдарыстан шығу жолдары. Тоталитаризм немесе демократия? Мемлекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелестерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен қоса өрілген болатын.

Сайып келгенде, барлық пікірталастырдың ұшы ең басты мәселеге-мемлекет пен азаматтық қоғамның, мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктың рөліне келіп тірелді. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ қоғамының өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясаткерлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында-ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл атқаратындағын дәлелдеген болатын.

Бұл мәселе сол кездің басты идеялық-саяси қайшылығы – мемлекет пен тұлға, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тұрасында принциптік түрде қарама-қарсы түсініктерді ұстаған тоталитаризм мен либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл өмірлік бар мәселерден алыс жай ғана теориялық пікірталас емес еді. Бұл XX ғ.саяси тарихының арқауын құрайтын тотаритализм мен демократия арасындағы күрестің мазмүны болды.

АҚШ. 1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс әлем тарихындағы ең күшті, терең дағдарыс болды. Бұл дағдарыстың зардаптары бірінші дүниежүзілік соғыс шығындарынан да асып түсті. Дүниежүзілік экономикалық даму ХХ ғасыр басындағы дәрежесіне түсіп қалды.

Дағдарыс АҚШ экономикасын ерекше қатты күйзелтті. Осы жылдары өнеркәсіп өндірісі 46 пайызға қысқарды, ұлттық табыс 2 есеге кеміді. Мыңдаған банктер күйреді, фермерлік шаруашылықтар күйзеліске ұшырады. Дағдарыстың зардаптары АҚШ экономикасы үшін ауыр болғаны соншалықты, басқа елдер өз өндірісінің дағдарысқа дейінгі дәрежесіне 1935 ж. жетсе, АҚШ тек 1937 ж. ғана жетті. Дағдарыстың АҚШ-та ерекше күшті және ұзақ болуының себебі қандай? Дағдарыстың алғышарттары гүлдену жылдарында-ақ қалыптасқан еді. Біріншіден, өнеркәсіптің әр түрлі салаларының дамуындағы шамаластық жүйесі бұзылды: жаңа салалар ескі, байырғы салаларға қарағанда жылдамырақ дамыды. Екіншіден, өндіріс ұлғайған сайын рынақ тарыла берді, ұсыныс мөлшері сұраныс мөлшерінен асып кетті. Үшіншіден, Ресейдің дүниежүзілік капиталистік шаруашылық жүйесінен шығып кетуіне және аграрлық ірі мемлекеттердің арасындағы тауар өткізу рыногы үшін күрестің күшеюіне байланысты АҚШ-тың сыртқы саудасы да төмендей бастады.

Дағдарыс еңбекші халықты ерекше күйзеліске ұшыратты: жұмысқа жарамдылардың үштен бірі жұмыссыз қалды, жалақы 35 %-ға азайды.

Дағдарыстан шығу 1933 ж. басталып, ақыры бірте-бірте экономикада жандану байқалды. 1937 ж. көктемде өнеркәсіп өндірісінің көлемі дағдарысқа дейінгі дәрежесіне жетті. Алайда сол жылдың жазында жаңа экономикалық дағдарыс басталды., ол 1938 ж. дейін созылды. Соның салдарынан АҚШ экономикасы дағдарысқа дейінгі дәрежесіне тек 1940 ж. ғана жетті.



Ұлыбритания. Дағдарыстың алғашқы белгілері Англияда 1930 ж. басында пайда болды, ал ең тереңдеген кезі 1932 ж. болды. Осы жылдарда өнеркәсіп өнімі 23 пайызға қырқарды. Соның ішінде металлургия, көмір өндіру, кеме жасау салалары, ауыл шаруашылығы және сыртқы сауда ерекше күйзеліске ұшырады. Өндірістің қысқаруы салдарынан жұмыссыздық күрт өсті. 1932 ж. әрбір төртінші жұмысшы жұмыссыз қалды.

1932 ж. аяғына қарай экономикада жандану байқалды. Бірақ елдің экономикалық жағдайының жақсаруы баяу жүрді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі дағдарысқа дейінгі дәрежесіне 1934 ж. ғана жетті. Елдің дағдарыстан шығуына ағылшын буржуазиясының шетке капитал шығаруды азайтып, қаржыны өз елінің өнеркәсібіне жұмсауы елеулі ықпалын тигізді.

Алайда ағылшын экономикасының өрлеу кезеңі тым қысқа болды. 1937 ж. күзінде тағы да дағдарыс басталды, содан ағылшын өнеркәсібінің екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі жылдардағы дамуы баяу болды. 1913 жылмен салстырғанда 1939 ж. өнеркәсіп өнімі 21 пайызға өсті. Англияның дүниежүзілік соғыстар арасындағы экономикалық дамуының орташа қарқыны төмен болды, дағдарыстар мен тоқыраулар алмасып отырды. Англия дүниежүзлік өнеркәсіптік және қаржылық орталық болу рөлінен мүлде айырылып қалды.

Франция. Дағдарыс Францияда басқа елдерге қарағанда кешірек, 1930 ж. аяғында басталды, бірақ ұзаққа созылды. 1935 ж. өнеркәсіп өнімі 46 пайызға қысқарды. Жұмысшылардың жартысына жуығы жұмыссыз қалды. Жалақы 30 пайызға қысқарды. Франк құнсызданып кетті. өнеркәсіп пен сауда І дүниежүзілік соғысқа дейінгі дәрежесіне тек 1937 ж. ғана жетті.

Дағдарыс ауыл шаруашылығында ерекше ауыр көрінді. 1933 ж. ауыл шаруашылығының даму дәрежесі соғыстан бұрынғы дәрежесіне де жетпей қалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2 есе төмендеп кетті. Соның салдарынан көптеген шаруа шаруашылықтары күйзеліске ұшырады.

1936 ж. француз экономикасында жандану байқалды, бірақ 1937 ж. қайта дағдарыс басталды. Соның салдарынан француз экономикасы екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін тоқырау жағдайында болды. Франция экономикалық даму дәрежесі жөнінен өзінің басты бәсекелесі – Германиядан тым артта қалып қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   171




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет