19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Тоталитарлық диктатураның орнауы



бет68/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Тоталитарлық диктатураның орнауы. Канцлер Гитлер басқарған үкіметтің құрылуы сырт көзге әдеттегі кабинеттердің ауысуы болып көрінді-үкімет құрамына нацистерден басқа бірнеше буржуазиялық партиялардың өкілдері енді. Іс жүзінде биліктің басты тетіктері нацистердің қолында болды. Тек қана үкімет ауысып қойған жоқ. Мемлекеттік басқарудың бір түрі буржуазиялық демократияның орнына тоталитарлық диктарура орнады.

Алғашқы екі жыл (1933 – 1934) ішінде саяси партияларды бірыңғайлау, билік режимін орталықтандыру іске асырылады, оппозиция басып-жаншылды. Ең басты оқиға 1933ж. Наурызында өткізілетін рейхстаг сайлауы болды. өзінің ең басты саяси жауы коммунистік партияны сүріңдіру үшін фашистер арандату мақсатымен рейхстагты өртеді де, кінәні коммунистерге жапты.

Бұл жердегі есеп қарапайым тоғышарларды коммунистік қауіппен қорқытып, оларды фашистерге дауы беруге мәжбүр етіп, рейхстагта төтноше заңдар қабылдау үшін орынның үштен екісіне ие болу еді. Бірақ үміт ақталмады. НСДАП дауыстарды бұрынғыдан аз алып, рейхстагта орындардың жартысынан азына ғана ие болды.

Осы кезде нацистер коституцияны бұзып, коммунистердің мандаттарын жаратпай тастады да, Гитлерге төтенше өкілеттіліктерді беру туралы заң қабылдады. Сөйтіп, рейхстаг ешқандай құқықсыз фашисттік мазақханаға айналды. Жаңа режимнің келісі бір маңызды шарасы елдіг федеративтік құрылымын жою, оны бірегейлеу болды.жерлерде жоғарыдан тағайындалатын басқарушылар билік жүргізді. 1933 ж. Қарашада Гитлер бұл соңғы сайлау деп жариялады. Партиялық жұйе жойылды. Саяси партиялар таратылуға немесе НСДАП құрамына енуге тиіс болды.

Нацистік режимнің екі жыл ішінде Веймар Республикасының негізгі тіректері жойылып, рейхстаг құқықсыз органға айналды, партиялар талқандалды, сайлау жүесі жойылды. Буржуазиялық –демократиялық құрылыс жойылып, тоталитарлық диктатура орнады. Оның негізгі белгілері идеологиялық біройлылық, орталықтырылған партиялық-мемлектеттік номенклатураның үстемдігі, саяси қарсыластарды жою. Мәдениетті бірегейлеу болды.

1934 ж.тамызынан бастап президент Гинденбургтің қайтыс болуына байланысты гитлер бір өзі ұлт фюрері, канцлер әрі президент болып алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   171




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет