Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. 1-4 жаттығу



бет1/99
Дата07.02.2022
өлшемі1,45 Mb.
#82190
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
Қазақ тілі ҚМЖ ІІІ т.


Қазақ тілі ІІІ тоқсан

Оқу ісінің меңгерушісі: № 65





Пән: қазақ тілі

Күні: 10.01.2019 ж

Мұғалім: Байбосынова Э.Д

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-БӨЛІМ: ӨНЕР. ӨНЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІН?

Сабақтың тақырыбы:

Сөз таптары. 1-4 жаттығу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма
бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
табу.

Сабақтың мақсаттары:



Барлық оқушылар жасай алады:
Сөз таптарын анықтайды. Олардың түрлерін ажырата алады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды
анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту
жасай алады.

Бағалау критерийлері

Сөз таптарын анықтайды.
Олардың түрлерін ажырата алады

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бірін-бірі тыңдау,сыйлауға,құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Бастапқы білім:

Сөз таптары туралы 2-сыныпта игерген білімдеріне негізделіп
меңгертіледі.

Сабақ барысы

жоспарлан
ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут


(Ұ) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Ненің дауысы?» ойыны. Үнтаспадан жан -жануарлардың, құстардың дауысын тыңдатып, дауыстарды шамалары жеткенше айыра білугеүйрету.



айтылым
телефон арқылы



Сабақтың ортасы
35 минут


3.1.2.1 (МК; Ұ; Қ ) Тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау. Мәтінді тыңдау.
1-жаттығу. Бос торкөздерге әріптерді сан ретімен орналастырып, мәтіннің тақырыбын оқиды.




1

2

3

4













Н

Ө




Р

Е





































2

1




4

3





























































Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжайды. Мәтінді тыңдайды. Мұғалім оқушылардың мәтіндегі түсінбеген сөздеріне талдау жасайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.


(Т; Ө; Қ) Оқулықта берілген сұрақтарға өз көзқарасын білдіре алу білігін бағалау.
Оқушылар «Өнер дегенді сен қалай түсінесің?» сұрағын топта «Ойлан – жұптас – талқыла» стратегиясы бойынша талқылап, өз ойларын білдіреді.
Мәтінде аталған өнер түрлері туралы не білетіндерін айтып, өз ойларымен бөліседі. Өзі ұнататын өнер түрі туралы әңгімелеулеріне басшылық жасалады

оқулық

айтылым

оқулық
айтылым


1 минут Сергіту сәті

Ой сергек!
Көп отырып шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Жүгiргiмiз келедi,
Әдемiле ән салып.

айтылым




3.4.2.3 (Ө; Т; Қ) Көп нүктенің орнына тиісті сөз табын қойып, мәтінді оқу. Сұрақтарға жауап беру.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөз табын қойып, мәтінді оқиды. Сөздердің сөз таптарына қалай топтастырылғанын топта
талқылайды. Қарамен жазылған сөздерге оқушылардың назары аудартылады. «Қарамен жазылған сөздер арқылы мәтіннің мәнін түсінуге бола ма?» сұрағын топта талқылап, бұлар осы мәтіннің тірек сөздері болып тұрғанын дәлелдейді.
3.4.2.3 (МК; Ө; Ж; Қ) Мақалды көркемдеп жазу. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау.
3-жаттығу. Мақалды жатқа көркемдеп жазады.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды. Қандай белгілеріне қарап анықтағанын жұбына дәлелдеп, түсіндіреді.
Жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.

айтылым

айтылым


жұптық жұмыс
жазылым

Сабақтың соңы
1 минут

(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.
– Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
– Сабақтан не үйрендіңдер?
– Саған не ерекше қызықты болды? сұрақтарына жауап береді.


Кері байланыс

1 минут

Үйге тапсырма: 4-жаттығу



Күнделік

Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру



Бағалау: Сөз таптарын анықтайды.
Олардың түрлерін ажырата алады



Оқушылардың бірін-бірі тыңдау,сыйлауға,құрмет көрсетуге тәрбиелеу.



Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: № 66





Пән: қазақ тілі

Күні: 14.01.2019 ж

Мұғалім: Байбосынова Э.Д

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-БӨЛІМ: ӨНЕР .ӨНЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІН?

Сабақтың тақырыбы:

Сөз таптары 5-8 жаттығу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық
және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы
әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер
арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзінжүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
табу.

Сабақтың мақсаттары:



Барлық оқушылар жасай алады:
Сөз таптарын анықтайды. Олардың түрлерін ажырата алады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды
анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту
жасай алады.

Бағалау критерийлері

Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
табады.
Сөз таптарын анықтайды. Олардың түрлерін ажырата алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бірін-бірі тыңдау,сыйлауға,құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Бастапқы білім:

Сөз таптары



Сабақ барысы

жоспарлан
ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут


(Ұ) Жаңа сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Гүл сыйлау»
ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады.



айтылым
телефон арқылы



Сабақтың ортасы
35 минут


3.1.1.1 (МК; Ж; Қ) Өлеңді түсініп оқу. Өлең мазмұны бойынша сұрақ қою.
5-жаттығу. Өлеңді тыңдарманның назарын өздеріне аударып, түсініп оқиды.
«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің
басшылығымен өлең мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді.
(Т) Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дәлелдеу.
Оқушылардың топтық жұмысы
ұйымдастырылады. Өлең неліктен «Туған өлкем» деп аталғанын топта талқылап, өз ойларымен бөліседі. Өлең өнердің қай түріне жататынын
анықтап, өз ойларын дәлелдейді.
(Ө; Қ) Өлеңнің бірінші шумағын жатқа жазу.
Сөз таптарына талдау.
Өлеңнің бірінші шумағын жатқа жазады. Жазғанын оқулықпен тексеріп, қате болған жағдайда түзетеді. Өлеңнің алғашқы екі сөйлемін сөз таптарына талдап, әр сөздің үстіне қай сөз
табы екенін көрсетеді. Орындаған жұмыстарын топта жариялап, оқиды.



Оқулық
айтылым
жұптық жұмыс
топтық жұмыс
оқулық
жазылым

1 минут Сергіту сәті

Қара жорға биін билету.

айтылым




3.3.1.1 (Ө; Т; Қ) Суретке қарап, тақырыбын анықтау. Сурет бойынша әңгіме құрап айту, жазу. Сөз таптарын анықтау.
6-жаттығу. Сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаны болжату мақсатында «Суретті әңгімеле» стартегиясы қолданылады.
Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Суретке қарап, тақырып қояды. Сурет бойынша мәтін құрайды. Қажет болған жағдайда әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не
болатыны болжатылады. Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу
тапсырылады. Сурет бойынша әңгіме құрап айтады. Құраған
мәтіндерін жазады. Жазған мәтінінде қай сөз таптарының сөздерін қолданғанын анықтайды. Оқулықта берілген сұрақтарды топта талқылап, қандай суретшілерді білетіндерін айтып, ой
бөліседі.
(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу.
Сұрақтарға жауап беру.
(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» әдісі арқылы өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.

айтылым

айтылым


топтық жұмыс

Сабақтың соңы
1 минут

(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.
– Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
– Сабақтан не үйрендіңдер?
– Саған не ерекше қызықты болды? сұрақтарына жауап береді.


Кері байланыс

1 минут

Үйге тапсырма: 8-жаттығу.



Күнделік

Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру



Бағалау: Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
табады.
Сөз таптарын анықтайды. Олардың түрлерін ажырата алады.



Оқушылардың бірін-бірі тыңдау,сыйлауға,құрмет көрсетуге тәрбиелеу.


Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: № 67





Пән: қазақ тілі

Күні: 15.01.2019 ж

Мұғалім: Байбосынова Э.Д

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет