1927 ж желтоқсанда XV съезде ұжымдастыру саясатына


ХХ ғ. 30 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,84 Kb.
#85372
1   2   3   4
Байланысты:
ужымдастыруъ
ПРИЛОЖЕНИЕ1, Ашық сабақ Квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеу (8-сынып)
ХХ ғ. 30 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.
1930 жылдары КСРО-да тоталитарлық казармалық соицализм жүйесі орнады. Бұл жүйені И.В.Сталин енгізген.КСРО-да «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Осы теория төңірегінде қарсы шыққандарға жазалау шаралары қолданылды. «Халық жауы», «ұлтшыл» деген айыптар тарала бастады.
Жазаланғандарға арнап 1930 ж. 30 мамырда Ақмола, Қарағанды округтерінен 110.000 га жер алып, бұл аймақта лагерьлер құру жоспарланды. ГУЛАГ-тың (Главное управление лагерей) (ЛББ) Қазақстандағы бірнеше лагерьлері ашылды: КарЛаг, АЛЖИР, ЧСИР. Жалпы ГУЛАГ-қа 101 мың қазақстандық азабына ұшырады, оның 27 мыңы атылды.
Жазалау шараларының барысы:

  • 1927-1929 жж. Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, республикадан жер аударылды;

  • 1928 ж. Қызылордада «қызыл астананы» салушылардың қаскүнемдігі ашылып, сәулетшілер мен инженерлер – М.Тынышпаев, П.Буддаси, С.Голдгор, С.Баграков жауапқа тартылды;

  • 1930 ж. 4 сәуірде кеңес әдебиетінің негізін салушы Ж.Аймауытов(1889-1930) атуға үкім шығарылды

  • 1930 ж. М.Дулатов (1885-1935) 10 жылға қамауға алынып, 1935 ж. Соловки лагерінде қаза тапты.

  • 1930 ж. А.Байтұрсынов (1873-1937 жж) тұтқындалып, 1934 ж. жіберіліп, кейін қайта 1937 ж. қамауға алынып, атылды.

1937-1938 жж. «қызыл террор» уақытында жаппай қуғын-сүргін репрессия өрледі:

  • 1938 ж. атылғандар: С.Сейфуллин (1894-1938), Б.Майлин (1894-1938), І.Жансүгіров (1894-1938), М.Жұмабаев (1893-1938).

  • АЛЖИР-де Т.Рысқұловтың, С.Сейфуллиннің, Қожановтың, Жүргеновтың әйелдері мен қыздары запа шекті.

  • Қазақ тіл ғылымының негізін салушысы – А.Байтұрсынов, Тілші, ғалым, профессор-Қ.Жұбанов. Қазақ тарихы мектебінің негізін салушы-С.Асфендияров. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы басшыларының бірі- М.Төлепов.

Қазақ КСР-нің құрылуы
1936 ж. 5 желтоқсанда КСРО Конституциясы қабылданды. Қазақ АКСР-і қайта Одақтас республика болып құрылып, ҚазақКСР-і атанды.
1937 ж. наурызда Х съезде ҚазақКСР-нің Конституциясы қабылданды.
1937 ж. желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің құрамына Қазақ республикасынан 44 депутат сайланлды; Олардың ішінде: мұнайшы Зұрбаев, комбайн Логвиенко, сауыншы Оңғарбаева, паровоз машисті Березняк, шахтер Т.Күзембаев.
1938 ж. маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауында 300 депутат сайланды. Оның 152 қазақ.
1938 ж. 15 шілде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын Ж.Жабаев ашқан болатын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет