1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


ХХғ.50-80жж. Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің дамуы (ғылым және мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер)



бет136/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
87.ХХғ.50-80жж. Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің дамуы (ғылым және мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер)

Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады. Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет