1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз



бет1/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері
Sultaanmuratova presentation 888

1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз

1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз.
Қазақ хандықтарының жырларында ерлік тақырыбы басым болса, елінің тәуелсіздігі мен даңқын арттыру үшін күрескен батырлардың мықтылығы мен қайтпас қайсарлығын дәріптеп оны халыққа таныту ең өзекті мәселе болды. Жыраулар осы тұста хандарды, батырлардя мадақтай отырып халықты оларды дәріптеуге үгіттеген және де береке-бірлікте өмір сүрген билеушілер мен қоғамның тамаша бейнесін жасаушы. Олар өздерінің поэтикалық монологтарында мемлекеттік маңызды мәселелермен қатар адамгершілік пен имандылық, ар-намыс мәселелерін қозғаған. Жыраулық поэзияның арқауы болған тақырыптар өмір мен өлім туралы, дүниенің өзгермелілігі мен жалғандығы туралы болды. Жыраулық поэзияның қазақ хандығы кезеңінде дамуының өзі тарихилық екені бәрімізге анық. Себебі, жыраулық поэзия қазақ мәдениетін, сөздер мұрасын айқын, айшықты бейнелейтін аса жоғары ішкі өнер мәдениетінің бірі. Аталған поэзия ұлт болып қалыптасуға негіз болды десем қателеспеймін. Жыраулық поэзия Хандық дәуір кезінде қалыптасуының өзінде бір астарлы мәселе бар. Бұл дегеніміз жыраулар жаугершілік заманда елін билеп отырған хандарға, жорықшы жауынгерлерге өздерінің айбынды, ар-намымқа толы жырларымен әскерлерге рухани қайрат пен күш-жігерлерін шыңдап отырған. Сонымен қатар ат үстінде жауға қарсы шығып, бір қолында жауды жайратар қылышымен, екінші қолымен қарсыластың рухын сындыратын қағытпа сөздерін әсем түрде жеткізетін домбыраларын жандарынан алыстатпаған. Бұл жерде мен сөз құдіретін ерекше атап өткім келеді. Осы себеппен аталған көркемсөз жиынтығы хан дәуірінде жетіле түспесе, жерге түспеген. Жыраулық өнер он бесінші-он сегізінші ғасырларда кеңінен жайылып, өркендей бастады. Бұған себеп батырларымыздың, жауынгер жыршыларымыздың көзімен көрген шындығын көркем сөзбен жеткізгендіктері. Қазақ халқының нақ сол дәуірде көрген қиыншылықтарын қиырлы сөздермен сипаттай білулері бұл әдеби саланың дамуына өз әсерін тигізе білді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет