1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз



бет5/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Жырау сал-сері
Sultaanmuratova presentation 888
О, менің жиырма -
Көлдердің қамысындай болдым,
О, менің отызым -
Мен таудан ұшқан бұлақпын...
7. Толғау дегеніміз не? Анықтамасын келтіріңіз
Толғау хандық дәуір әдебиетінде кеңінен дамыған жанр болып табылады. Толғау жырауларға тән, себебі өз заманының шындығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін толғап айтқан. Мұхтар Мағауин «Толғау» сөзінің мәнін өзінің аты айтып тұрғандай, «толғану, толғаныс» деген ұғымды білдіреді дейді. Солайша оны ойға құрылған толғау және сырға құрылған лирикалық толғау деп 2-ге жіктейді. Ой толғауына жыраудың философиялық көзқарасы, қоғамда, халық арасында, тұрмыста болып жатқан шындық оғиғаларға қарап айтқан пікірін, тұжырымын жатқызуға болады. Мәселен: Бұқар жыраудың «Ай заман-ай,заман-ай», Доспамбет жыраудың «Арғымаққа оқ тиді», Шалкиіздің «Ор, ор қоян» сынды әлеуметтік маңызы бар толғауларын мысал ретінде атап өтуге болады. Бұл толғауларда жыраулардың дүниетанымын анық байқаймыз. Сонымен қатар, ханның кемшіл тұстарын бетіне басып, оған ақыл-кеңес білдірген жыраулардың тлғауларын да осы топқа жатқызуға болады. Ал лирикалық сырға құрылған толғауларда жыраулардың ішкі сезімі, эмоциясы басымырақ көрініс табады. Ел басына туған қиыншылық немесе жеке басындағы ауыртпашылыққа өз көңіл-күйін білдіруі, немесе оған қарама-қарсы жағымды жайттарда қуанышын білдіру сынды идеяға құрылады. Мысалы: Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауындағы жерімен қоштасуы, Үмбетей жыраудың «Бөгембай өліміне» толғауы, т.б.
Толғаудың көркемдік ерекшелігі, құрылысы күрделірек болады. Көбіне қара өлең емес, шұбыртпалы, аралас ұйқастарға құрылады. Толғауда жыраулар поэзиясына тән негізгі ерекшелік – табиғат, адам және жан-жануар арасындағы байланыс синтаксистік параллелизм арқылы шебер суреттеледі.
8. Шалкиіз толғауларындағы тіл нақыштары
М. Мағауин Шалкиіздің жыраулық өнерін импровизацияның шебер үлгісін көрсеткен жырау деп бағалайды. Оның атап айтар туындыларын, «Би Темірге айтқан толғаулары», моральдық-этикалық тақырыптағы толғаулар және нақыл сөздер деп жіктеуге болады. Х. Сүйіншәлиев Шалкиіз жыраудың жыраудың толғауларындағы тіл нақышын «бейнелі суретті нақылдар» деп сипаттаған болатын. Оның қиялы ұшқыр, бейнелеу құралдарын шебер қолданады, толғауларында сипаттап отырған құбылысын түрлі салыстырулармен, бейнелі сөздермен тұспалдап жеткізеді. Жыраулық поэзияға тән адам, табиғат және жан-жануарлар арасындағы байланысты суреттей отырып, толғаудың мазмұнын көркем бейнелейді. Мысалы:
«Жағаға жақын қонғанды
Жайылып сулар алмас па?
Жаманға дос болғанның
Жазымда басы қалмас па?» жырында табиғат құбылысын байланыстыра келіп, жағымсыз адамның келбетін, жаман достың бейнесін ашады. Сол сияқты «Ор, ор қоян» толғауында да алдымен ор қоянның портретін суреттеп келіп, онымен адамның мінез-құлқын суреттеді.
«Қаудыр құлақ шал қоян
Жүйрікпен деп мақтанба
Жүйрікпін деп мақтансаң,
Ұзын жолдың үстінде
Ол дағы бір құба арланға жолығар» деп, мақтанға берілмеу, жамандықтан өзіңді қорғау сынды идеяны негізге алады. Шалкиіз жыраудың тіл нақышы халық поэзиясымен байланысып кеткен. Жыраудың сөздерді, тіркестерді қолдану ерекшелігінде батырлар жырына тән үлгі бар. Шалкиіз Жуан ханға арнаған толғауларында тоғыз қаһарманның тұлғасы асқақата бейнеленеді. Би Темірге арнаған толғауында да «Бір жілік сындырған, қоянның қос құлағын тұндырған» деген сынды әсірелей суреттеулері жыраудың көркемдік тұрғыдан басқалардан ерекшілігін көрсетеді. Шалкиіз Темір ханға айтқан «жығылғанды тұрғыз, жылағанды уат, қисайғанды түзет» деген ақыл кеңесі, бүгінгі күнге дейін халық арасында өсиет сөзге айналып, өз құндылығын жоймай келеді.
9. Көтеш ақын айтыстарының көркемдігі
Жыраулар поэзиясында Көтеш және Шал ақындар айтыс үлгісін көрсеткен тұлғалар болды. Дегенмен, Көтеш ақынға тиесілі айтыстағы жыр жолдары бүгінгі күні сақталмаған. Ел аузында тек оның «арсыз ақын қыз» атанған арумен айтысы ғана айтылады. Айтыскер қыз бір тойда қатарынан 9 жігітпен айтысып, жеңіп шығады. Соңында қарсы болса да, халық Көтеш ақынды қызбен айтыстыруға алып барған екен. Қыз ақын кіре бергенде-ақ оның жасына қарамай, «Қызарып екі көзі маймылдай шал, тұсыма менің қайдан кезің келді» деп бастайды. Оған ақын дөрекі жауап қайтарады, осылайша айтыс дами түсіп, түрлі тұрпайы сөздер айтылады. Көтеш ақынның шығармаларын жинақтаған Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтысты соңына дейін жазып шығуға шыдамы жетпей, соңында Көтеш ақын жеңетінін ғана айтып, сөзін аяқтайды. Енді бір зерттеулер бойынша, айтысқа түсіп жүргенде Көтеш бір рудың адамын қатты сөгіп сөйлеген екен, содан кейін сол елдің байларын ақынды ұстап, сабап, байлауда қалдырған екен. «Алдымнан алты пұшық анталады» жыры осы байлауда қалған шыққан жыр деген халық арасында сөз қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет