1.ҚАзақ интеллигенциясының Қалыптасуы


Ә.Н.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі



бет8/15
Дата18.05.2022
өлшемі0,7 Mb.
#143701
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Қазақстан тарихы
Байрамбек Байбараков биология 05, DSV
8. Ә.Н.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі.
Қазақ азаттық қозғалысының ең салмақты және күрделі кезеңі өткен ғасырдың алғашқы ширегінде дүниеге келді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. БіріБұқарменТүркістан өлкесінебет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей зиялылар тобын баулыған – Ә. Бөкейхан еді. Ұлттық мемлекет құру Әлихан Бөкейхан және сонынан ерген буржуазиялық-демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Ә.Бөкейхан ұлт мәселелерінің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Алаш орда үкіметінің құрылуына тікелей түрткі болған, 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Қазақ мемлекеттілігі туралы мәселе қаралған ІІ Жалпықазақ – қырғыз съезінің ұйымдастырушылар - Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М. Дулатов болған. Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен жер болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Үшінші ұстанымы –қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек.
Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, ділі өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды.
Бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек. Әлихан Бөкейханов өзінің төңірегіне қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының ең таңдаулы бөлігін топтастыра білді. Оның сенімді серіктерінің бірі белгілі ақын, аса көрнекті ғалым, түрколог, публицист, педагог, аудармашы әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов (1873—1937) болды. Ол Торғай облысындағы Торғай уезінің Сарытүбек деген жерінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің мектептері мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. А. Байтұрсынов өзінің халықпен кездесулері кезінде патша үкіметінің отаршылдық саясатының мәнін әшкереледі. Ол Қарқаралы петициясының мәтінін жазып, құрастыруға барынша белсене қатысты. 1913—1918 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып, халық өмірінің көкейтесті мәселелерін көтереді, елді өнер-білімге үндейді. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Кеңес өкіметі кезінде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең-жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын сынады, ел-жұртты миссионерлердің жүгенсіз қылығынан сақтандырды. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол өзінің бір мақаласында былай деп жазды: «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін». Ә. Бөкейхановтың сенімді серіктерінің және ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысушылардың бірі Міржақып Дулатов (1885— 1935) болды. Ол Торғай облысы Торғай уезінің Қызылбел атырабында дүниеге келген. Алғашқы білімді ауыл мектебінен алған. Торғайдағы екі сыныптық мектепте оқыған. 1904 жылы Омбыға барып, онда Ә. Бөкейханов және А. Байтұрсыновпен кездеседі, саяси қызметке белсене араласа бастайды. Патша отаршылдығына ашық қарсы шығып, жер мәселесін көтереді. Қазақтардан жерді тартып алуға, мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды талап етеді.
1909 жылы «Оян, қазақ!» атты жыр жинағы жарық көреді. М. Дулатовтың бұл кітабын замандастары «Ұлттық манифест» деп атады. Автор қазақ халқының ауыр жағдайын поэтикалық түрде суреттей келіп, одан қалай шығудың жолын ұсынады. Ол қазақ даласында жаппай мешіттер мен медреселер ашуды, жастарға ислам рухында тәрбие беруді жақтады. Семей округтық сотының прокуроры былай деп жазды: «Оян, қазақ!» кітапшасы өзінің мазмұны жағынан қырғыз (қазақ. — авт.) жастарына арналған үндеумен тең, ол мемлекеттің қазіргі қоғамдық құрылысын құлатуға шақырады».
М. Дулатов Қарқаралы петициясының жобасын әзірлеуге, Алаш қозғалысына білек сыбана қатысты. Қажырлы қайраткер өзінің бүкіл өмірін туған халқына қызмет етуге арнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет