1.Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекеттің қалыптасу тарихы


Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекеттің қалыптасу тарихы



бет2/5
Дата11.11.2023
өлшемі126,8 Kb.
#191048
1   2   3   4   5
Байланысты:
САЯСАТТАНУ СОЖ (копия)

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекеттің қалыптасу тарихы

Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды. Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған. Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің Егемендігі туралы декларацияны қабылдап және одан бір жылдан кейін, 1991 жылдың 16 желтоқсанында ел Президенті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойғанда аз ғана адамдар болмаса, көпшілік Қазақстанның 20 жылдан кейін осындай зор табыстарға қол жеткізген ел боларына сенбеген еді. Ол ол ма, тіпті Қазақстан тәуелсіз ел ретінде КСРО-дан қалған экономикалық, саяси және экологиялық проблемалардың ауыр салмағынан сансырап, шашылып қалады деген сарапшылар да табылған. Бірақ біздің ел ауыртпалықтың бәрін еңсере отырып, әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшелерінің біріне айнала білді. Бүгінгі күні біздің мемлекетіміз әбден пісіп-жетілген, тәуелсіз ел болып отыр. 20 жылдың ішінде бізде барлық мемлекеттік басқару құрылымының институттары мен азаматтық қоғамның элементтері дамыды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы өзгерістер саяси және құқықтық жүйелердің түбегейлі реформаларымен бірге іске асып отырды. Осының өзі Қазақстанның берік құқықтық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Уақыт өткен сайын қазақстандық саяси-құқықтық модель заңдардың орындалуы мен мемлекеттің беделін нығайтып, Конституцияның мызғымастығын қамтамасыз етті. Қазақстан демократиялық мемлекетке тән іс-әрекетке тиісті ұстанымдарды тегіс бекітті. Біздің Конституциямызда демократияның, адамгершіліктің және әділеттің идеалдары көрініс тапты. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет құра бастағалы бері елдің құқықтық жүйесін кешенді реформалауға бағытталған үш бағдарламалық құжат қабылданды. Қоғамдық қатынастардың әрбір даму кезеңі оны тиісінше құқықтық жолмен реттеуді, жаңаша ойлаудың жүйелерін құруды талап етті. Осылардың негізінде ұлттық құқық пен институттық білімді қоса алғандағы барлық сот-құқықтық институттар құрылды. Сөйтіп, экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа да салалардағы өзгерістер құқықтық «өмірді» жаңғыртумен қатар жүріп отырды. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалар жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның алғашқы құжаты 1994 жылдың 12 ақпанында қабылданды. Бұл құжатты іске асырудың ең басты жетістігі – ұлттық заңнамаларды (конституциялық, азаматтық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу) түбегейлі жаңғыртуға қол жеткізілді. Сонымен бірге, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары, қала берді. Қазақстанның барлық заңнамалық инфрақұрылымы кезең-кезеңмен реформаланды. Екінші құжат – 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымы деп аталды. Онда 2010 жылғы кезеңге арналған құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттары айқындалды. Мұнда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын одан әрі қамтамасыз ету үшін құқық қорғау жүйесі мен әділсот шешімдерін шығарардағы соттардың тәуелсіздігін нығайту жолдары заңдық деңгейде шешімін тапты. Соның ішінде, әсіресе, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша құқықтық және материалдық кепілдіктер жасалды. Өлім жазасы тек адамдардың қаза болуына соқтырған террорлық қылмыстарға және соғыс уақытындағы аса ауыр қылмыстарға ғана қалдырылды, мұның өзі Қазақстан жағдайында оны атымен жоюға мүмкіндік берді. Соттың тұтқындауға санкция беру тәртібі енгізіліп, қылмысты істі прокуратура мен соттың жүргізу мүмкіндігіне тыйым салған конституциялық норма өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында пайда болған омбудсмен мен жеке нотариат институттары дамытылуда. Азаматтар мен ұйымдардың құқын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері: медиация және сот актілерін жекеменшік негізде орындаулар өмірге енгізілді. Елдің одан арғы тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатымен 2007 жылы енгізілген конституциялық өзгерістер Президент пен Парламенттің рөлін арттырды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз мемлекетімізді құрушы және іргесін қалаушы ретіндегі тарихи миссиясы заң жүзінде танылып, ол Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болды. Жоғарғы өкілді органның Үкімет құрамын жасақтауды бақылауы күшейтілді, сонымен бірге, оның мемлекеттің бюджетті құру мен оның орындалуын бақылаудағы өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілді. Осылармен қатар, мемлекет норманы белгілеу үдерісін жаңа сапалы деңгейге көтеретін шаралар қабылданды. Олардың қатарында заң жобалары іс-әрекетін перспективалық жоспарлау, құқықтық нормативтік актілердің жобаларына ғылыми сарап жасау, қабылданатын заңдарды толығымен қаржылық тұрғыда қамтамасыз ету, т.б. бар. Қорыта айтқанда, мемлекеттің құқықтық саясаты қоғамымыздың заңнамалық-саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға бағытталған заңнамалық шаралар болып отыр. Сонымен бірге, әлемдік экономика мен саясаттағы іргелі өзгерістер, сондай-ақ ел дамуының ішкі динамикасы заңгерлер алдына жаңа міндеттер қоюда. Ұлттық құқықтарды уақыттың жаңа талаптарына сәйкес келтіру үшін мемлекеттің норма жасау және құқық қолдану әрекеттерін одан әрі жетілдіру қажет болды. Осыған байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен 2009 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы (әрі қарай Тұжырымдама) атты үшінші бағдарламалық құжат қабылданды. Ол алдағы он жылға (2010-2020 жылдар аралығы) арналған. Онда жинақталған тәжірибелер мен ғылыми негіздер арқылы жақын және алыс перспективаларға, бүгінгі күнгі даму үрдісіне сүйеніп жасалған Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық біртұтас құқықтық саясаты айқындалған. Отандық барлық заңнамалық құрылымдардың, құқықтық жүйенің өзекті мәселесі, ең жоғары құндылығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында көрсетілген адамның өмірі, құқы және бостандығы болып табылады. Бұл біздің еліміз үшін өзінің азаматтарын қорғаудан жоғары міндет жоқ екенін көрсетеді. Адамның құқы мен бостандығына кепілдік беріле отырып, мемлекет оған қол сұғушылыққа қарсы мемлекеттік тетіктер құрған, сонымен бірге, адам өзін өзі заңсыз іс-әрекеттерден заңға қарсы келмейтін әдістермен қорғану мүмкіндігі бар жеке субъект ретінде танылған. Жеке адам мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынаста адамның құқы мен бостандығын қорғау міндеті соттар мен құқық қорғау органдарына жүктелген. Елбасы Н.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындап берді. Онда Елбасы басымдық «ведомствоішілік мүдделерді қорғаудан азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға» берілуге қарай ойысуы қажеттігін атап көрсетті. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін одан әрі оңтайландырып, біліктілікті барынша нақтылау қажеттігін және есеп беру жүйесі мен әрбір құқық қорғау органының іс-әрекетінің бағасын беруде парламенттік және қоғамдық қатаң бақылау болуы керектігін айтты. Жеке адамның құқы мен бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүддесін бұзуға жол берілсе, оларды дереу орнына келтіруге бағытталған міндеттерді орындау үшін заңнамаларды, құқықтық тетіктер институты мен құралдарды одан әрі жетілдіруі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет