1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет44/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ
гос 1 ЖАУАПТАРЫ, 02.02.21 МТ-20-9 География 2, спирт досым, уй жумыс
21.Педагогикалық негізгі ұғымдар

Педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына дамыту, білім беру, оқыту, тәрбиелеу жатады.



Даму - бұл адамдарда жүріп жататын сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен нәтижесі. Даму үдерісі тұрақты да үздіксіз өзгерістермен, бір жағдайдан екінші жағдайға өту, қарапайымнан күрделіге, төменгіден жоғары деңгейге ауысулармен байланысты келеді.

Тәрбие – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.

Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер, танымдық біліктер мен дағдылар жүйесін меңгеруінің, осылардың негізінде дүниеге көзқарасының, құлқының және адам тұлғасының басқа да саналарының қалыптасуының, жасампаз күштері мен қабілеттерінің барысы және нәтижесі.

Білім беру – ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т.б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.



Оқыту – адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің барысы.

Оқыту - оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.



Ол көзделген мақсатқа орай нәтижелі білім, ептілік, дағдыларды игеру, дүниетаным қалыптастыру, ақыл-парасат, дарынымен шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуы болған арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарылымды мұғаліммен оқушы арасындағы өзара байланысты ықпал әрекеттер жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет