1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Ересектер тобындағы еңбек түрлері



бет93/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ
гос 1 ЖАУАПТАРЫ, 02.02.21 МТ-20-9 География 2, спирт досым, уй жумыс
Ересектер тобындағы еңбек түрлері

Өзіне-өзі қызмет ету. Балаларды тез киініп, шешіне білуге, киімдерін шкафқа ретімен ұқыптап жинауға, төсегін жинау, аяқ киімдерін өз орнына қоюға, су болған киімдерін кептіруге, аяқ киімдерін, спорт жабдықтарын: шаңғы, велосипед және т.б. күтіп таза жуу, тазарту, сүртуге, ұстауға үйренеді.

Жеке басының ұқыпты ұқыпсыздығын байқап, шашын тарау, киімін реттей білуге, жолдасының киіміндегі ретсіздікті байқап, әдепті түрде айтуға, көмектесуге баулу.



Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Айналаны таза ұстауға, жинақылыққа басқалар үшін пайдалы әрекет жасауға үйрету. Балалар кезекші болуға тәрбиеленеді: өз бетімен кезекшілік міндетті жауапкершілікпен атқаруға, дастархан жаюға, үстелді толық жабдықтауға, тамақ кезінде екінші және үшінші тағамды қою. Жемістер, жидектерді т.б. үлестіруге, тамақтан кейін үстел үстінен ыдыстарды жинап алуға үйретіледі.

Тәрбиешінің оқу іс-әрекет үшін әзірлеген материалдар мен оқу құралдарын әкеліп қояды, оқу іс-әрекет аяқталғаннан кейін оларды өз орнына жинайды, қылқалам мен стакандарды, желімдеуге және сурет салуға пайдаланған шүберекті жуады, жұмыстан кейін үстелді сүртеді.

Еңбек мәдениетін қалыптастыру, белгілі бір әрекет үстінде ұқыптылық сақтау, құрал-жабдықтарды қажетіне қарай пайдалана білу, оларды дер кезінде жинастыру, жұмыс орнында тазалық сақтау.

Бөлмелердің, бақша алаңының таза, жинақылығына қанағаттана білу сезімін қалыптастыру.



Табиғат аясындағы еңбек. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жанашырлықпен қызмет көрсету рухына тәрбиелеу, оларға дер кезінде қамқорлық жасауға үйрету.

Күзде Балаларды бақша егістігінен көкөніс, өсімдіктер тұқымын жинауға, гүлзардағы гүл отырғызатын шұңқырларды қазуға, егістіктің, ағаш, бұта түптерінің топырағын қайта қопсытып, өңдеуге үйрету. Гүлдейтін өсімдіктерді қазып алып, бөлмедегі табиғат мүйісіне жергілікті жердің жағдайына қарай егу, шама-шарқына қарай қысқа арнап көкөніс, жеміс дайындауға, қиярды жуу, әбден піскен таза, бұзылмаған, қызанақ, сәбіздерді сұрыптау, қатыстыру.

Қыста Балаларды қыста ағаштар мен бұталарды қардан тазартуға үйрету. Табиғат мүйісінде қысқы егістік жұмысын жүргізу. Тұқым егу, пияз егу, мерекеге арналған гүл өсіру.

Көктемде Егістік жерлердің топырағын қайта қазу, жұмсарту, гүлдер мен көкөністер отырғызуға қатыстыру. Өсімдіктердің өнуін бақылап, баптау, гүлдердің топырағын босатып, бөлмеде өсірілген өсімдікті бақша алаңына егу.

Жазда Бақшадағы гүлзардың топырағын қопсыту, арам шөбін отау, өсімдіктердің түбін көму, оларды суару. Қыста жануарларға, құстарға беретін шөп, өсімдік тұқымдарын жинауға қатысу.

Қол еңбегі Қол еңбегіне қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен әр-түрлі ойыншықтар, сәндік бұйымдар жасауға баулу, қағаздан, картоннан, табиғи материалдардан сюжетті-рөлді ойындарға арнап ойыншықтар: дүрбі, жалауша, сөмке, телпек, кітапша, ойыншық мүліктер, жиһаздар, орамал, салфетка, ата-аналарға, балалар бақшасының қызметкерлеріне, кіші тобындағы балаларға сыйлықтар жасауға үйрету.

Мектепалды даярлау тобындағы еңбек түрлері

Мектепалды даярлау тобында балалардың өсу мүмкіншілігі кеңейіп, күші мен қимыл ептілігі ұлғаяды, ұжымдық қарым-қатынастың дамуына байланысты еңбектің қоғамдық мәнін түсіне бастау пайда болады. Бұл топта бұрынғы топтарда үйретілген еңбек түрлері күрделенеді. Еңбекке баулу арқылы жағымды міне-құлық дағдыларын қалыптастырып, үлкендер еңбегіне құрмет, кішіге ізет, мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерін, еңбек әрекетіне қызығушылығын арттырып, сүйіспеншілік сезімін тудыруға тәрбиелейді. Еңбек әрекетін ұйымдастыруда баланың өзінің ынтасының болуы, еңбек нәтижесін мадақтау, сендіру тәсілдері арқылы өз жолдастарының еңбегін бағалай білу, еңбекке деген дұрыс көзқарастың болуы еңбекке бейімдеудің негізі болмақ.



Өзіне-өзі қызмет ету. Өз бетімен киімдерін өз орнына жинау, рет-ретімен киіну: шұлық, шалбар, аяқ киім, жейде, орағыш, сырт киім, бас киім. Шешіну: бас киім, сырт киімді шешіп, өз орнына ілу, жейдені, шалбарды, орағышты шкафтың жоғары сөресіне жинау, киімнің ілгегін салу, аяқ киімінің бауын байлау, өз киімінің тазалығына көңіл бөлу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жолдастарына көмек көрсетіп, жасалған көмек үшін рахмет айту, серуенге шыққан кезде басқа балаларды кешіктірмеу, ұйқыдан тұрған соң төсегін жинау, күтушіге төсек ауыстыру кезінде көмек көрсету, үлкендер еңбегін құрметтеуге үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет