1.Қазақстан тарих толқынында


Қазақстан халқының рухани дәстүрлері



бет44/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

47.Қазақстан халқының рухани дәстүрлері.Қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. Соның ішінде кейбір салт-дәстүрлер, ғұрыптар жайлы айта кетсек.Жазғы көші-қон кезінде әрбір ауыл көш керуенді салтанатты түрде рәсімдеуге ерекше көңіл бөлді. Бұл үшін көш басындағы түйеге қырғауылдың ұзын қанаттарынан төрт айыр қарқара орнатты.Халықтың түсінігі бойынша,қырғауылдың әдемі қауырсындары бөгде адамдардың назарын аударып,көш керуенді көз тиюден және жол бойындағы әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.Қазақ халқының аспан әлеміндегі түсініктері де тұрмыста маңызды рөл атқарды.Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айырықшаланатын көптеген аспан денелерін білді,олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да,түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Көшпелі тұрмыс ар айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша ман беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет