Мазмұны Кіріспе Айдың шығу тегі Айдың тұтылуы Айдың гравитациялық аймағы Айдағы адам Зерттеу бөлімі



бет1/6
Дата02.10.2019
өлшемі30,15 Mb.
#49053
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дарын
8, FIZIKA 150-N 1200 S 1178 A, 08 «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасы 7-9, mugalim nusqaulyq (1), mugalim nusqaulyq (1), Григорьев Ю.М., Муравьёв В.М., Потапов В.Ф. - Олимпиадные задачи по физике. Международная олимпиада «Туймаада» - 2007, FIZIKA 150-N 1200 S 1178 A, 9-ОШ ФО География 8кл рус, Doc1, Doc1
Мазмұны
Кіріспе

  1. Айдың шығу тегі

  2. Айдың тұтылуы

  3. Айдың гравитациялық аймағы

  4. Айдағы адам



Зерттеу бөлімі

  1. Ай бетіндегі күйі

  2. Ай фазалары

  3. Адам ағзасына айдың әсері


Қорытынды

1. Айтізбелер құру


Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Ай –Жердің табиғи серігі. Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет 1969 жылы Америка азаматтары Н.Армстронг пен Э.Олдрин табан тіреп, аман-есен оралды. Сонымен қатар Кеңестер Одағы Ай бетіне өздігінен жүретін бірнеше «Луноход» автоматын бірінші болып қондырды.

Адамдар ежелден Айды зерттеп келе жатыр, алғашқы рет жай көзбен, кейін телескоппен, 1609 жылы Г.Галилей өз телескопын Айға бағыттап, оның теп-тегіс «хрусталь шар» емес, Жерге ұқсас ойпаттар мен қыраттардан тұратынын ашты. Ол алып Юпитер планетасын айналып жүрген төрт серігін ашып, Жердің серігі Ай деген қорытындыға келді, ал кәзіргі заманда Айды космостық аппараттармен зерттейді. Айдың ашылмаған құпиялары көп, ай туралы аңыздар сонымен қатар, айдың қозғалысына байланысты айтізбелер құрған. Ай (лат. luna) – Жердің табиғи серігі өзінен жарық шығармайтын жерге ең жақын аспан денесі. Ол жерді элипстік орбита бойымен (1,02 км/с жылдамдықта) айналады. Ай жер тәрізді, диаметрі 34,76 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз) массамен 7,36·1022 кг тығыз. 3343 кг/м3 Ай бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 1,62 м/с2, орбитасының және элипсті денелері ұйытқуы ықпалында болуына байланысты. Айдың жерден қашықтығы 356400 км-ден 406800 км-ге де дейін артады, ал орташа қашықтығы 38440 км. Ай-уақыт өлшемі жылдың бөлігі. Ол үш түрге ажыратылады.

1) Синодтық Ай – айдың бірде екі фазасы аралығындағы шамамен 29,53 күн тәулігіне тең уақыт;

2) Сидерлік. Айдың жұздызға қатысы Жерді толық бір рет айналып шығатын шамамен 29,53 күн тәулігіне тең уақыт;

3) Айдаһар-Ай. орбитаның белгілі бір нүктесінен үзіліссіз екі рет өткен 27,21 күн тәулігіне тең уақыт. Мұның үшеуі де тұрмысқа қолдануға қолайсыз келеді. Себебі олар бөлшек сандармен өрнектелген. Сондықтан жыл күнтізбеде 28, 29, 30, 31 күн тәулігігмен бітетін 12 Айға бөлінген.

Жұмыстың мақсаты:балаларды Айдың қызықты фактілерімен, құпияларымен таныстыру.

Міндеттері: 1.7-8 сынып оқушыларынан анкета алу.

2. Балалар Ай туралы не білетінін



1.Анкетанын нәтижесін талдау

Менің зерттеу жұмысым Ай туралы ашылмаған құпияларды табу, Айдың шығу тегін білу.

Зерттеу жұмысында алдыма мынандай міндеттерді қойдым:

Ай және оның шығу тегі туралы балалардың білімін зерттеу;



Зерттеу базасы: 7-8 сынып оқушылары.

Мен зерттеу жұмысында мынандай әдістемелерді қолдандым:

-Анкета алу-Ай туралы білімдерін сұрақ- жауап ретінде.

-Құрылған анкетаны пайдалану.

-Сынып сағатынын сценарийін құру.

Жұмыстың реттілігі:1.Анкета

2.Анкетаны талдау



Нәтиженің жазу формасы:

1. Анкеталық кесте құру



2. Сынып сағатының презентациясы
Зерттеу жұмысының нәтижесі

Анкетаға 21 бала қатысты. 7 сынып оқушылары.

Анкета сұрақтарының саны

Жауап саны

Дұрыс

Дұрыс емес

1

6

4

2

4

6

3

3

7

4

7

3

5

5

5

8 сынып оқушылары.

Анкета сұрақтарының саны

Жауап саны

Дұрыс

Дұрыс емес

1

5

6

2

8

3

3

6

5

4

7

4

5

7

4

Жалпы нәтиже.

Анкета сұрақтарының саны

Жауап саны

Дұрыс

Дұрыс емес

1

11

10

2

12

9

3

9

12

4

14

7

5

12

9

Анкета

Құрметті дос!!! «Ай туралы қызықты фактілер» жұмысымның жобасына өз үлесіңізді қосуынызды сұраймын. Сіздерден сұрайтыным анкетаның барлық сұрақтарына дұрыс және нақты жауап берулерінізді. Анкета көп уақытыңызды алмайды. Анықтап оқып, жауабын дөңгелектеп боясаныз болғаны.

Алдын ала рахметімді айтамын.

1.Ай-бұл...............

А. Жердің табиғи серігі Б. Жердің жасанды серігі В.Жер серігіне жатпайды.

2. Ай қалай пайда болды?

А.Жер мен өзге ғаламшарлықтармен соқтығысуынан

Б.Жер мен планетаның соқтығысуынан В.Басқада жағдайлардан

3.Жұмбақты шеш:

Кейде орта, кейде толы бір теңге,

Көрінер кейде күндіз, кейде түнде.

Бетіне ақ шығады перде тартқан,

Балалар ойлап қара бұл немене?

А.Күн Б.Ай В.Жұлдыз

4.Айда неге от жағуғу болмайды?

А. Айда отын жоқ Б. Айда ауа жоқ В. Ғарышкерде сіріңке жоқ

5.Ай тұтылуы дегеніміз-.............

А. Құдай Айдың бетін қолымен жабады Б. Айдың Күн артына тығылуы

В. Ай Жердің көлеңкесі аймағына енуі

1. Айдың шығу тегі.

2015 жылдың астрономиялық ақпаратына орай, Күн жүйесінде ресми тіркелген 146 ғаламшар серігі бар. Одан бөлек, ғылыми тұрғыдан әзірге нақты дәлелденбеген 27 табиғи серік табылған. Бір қызығы, ғаламшар серіктері әр түрлі атауға ие болған. Атап айтқанда, Каллисто, Титан Еуропа немесе Прометей сынды Шекспир кейіпкерлері мен көне грек мифологиясындағы құдайлар есімі берілген. Ал жердің табиғи серігі жай ғана Ай деп аталыпты. Неге? Астрономия ғылым саласының терминологиясында «Ай» барлық серіктердің жалпы атауы ретінде беріледі. Ал жер сергінің ғылыми атауы бар ма? Расында Жердің табиғи серігін ғылымда Крелон, Крона, Аврон және Муад’Диб атауларымен атайды екен. Ал серіктің жалпы қолданыстағы атауы – Ай. Айта кетсек, 1610 жылы белгілі ғалым Галилео Галилей Айды алғаш телескоп арқылы зерттеп, оның атауын береді. Одан бөлек, италиялық ғалым Юпитердің серігін де зерттеген болатын. Бірақ оның ғаламшар серігі екенін нақты дәлелдей алмайды. Адамзат өркениеті дами бастағалы Ай біз үшін көктегі таныс ғарыш нысаны болған. Ал өзге де серіктердің бар екені небәрі 400 жыл бұрын анықталды. Себебі Коперникке дейін ешкім де Жердің Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың бірі екенін білмеген. АйЖердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 км



Айдың аспан денесі ретінде сипаттамасы

Жалпы көрсеткіштері Массасы Жердің салмағының 1/81 тең, яғни 7,35*1022 кг.Тығыздығы 3344 kg/m3Ай диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз), яғни радиусы 1738 км. Айдың өз атмосферасы жоқ. Бетіндегі температурасы −173 °C -ден 127 °C -ге дейін барады. Айдың қалыңдығы 60–120 км фелдшпат жотадай қабығы силикат мантияның үстінде жатыр. Базалт лавалары Ай бетінің 17 % жабады. Радиусы 300—400 шағын (Ай көлемінің 2—3 % құрайтын) темір ядросының болуы ықтимал.

Ай бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 1,62 м/сек2. Орбитасының эллипсті және аспан денелері ұйытқуы ықпалында болуына байланысты Айдың Жерден қашықтығы 356400 км-ден (перигейінде) 406800 км-ге (апогейінде) дейін артады, ал орташа қашықтығы 384401 км. Осы ауытқуға сәйкес Айдың көрінерлік бұрыштық диаметрлері 33' 32"-тан 29' 20"-қа дейін өзгереді.



Орбитасы. Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу жазықтығының арасындағы бұрыш 50-қа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте 13о-тай жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады. Осыған сәйкес Ай фазасы ауысады.

Айдың бірдей екі фазасы аралығындағы уақыт 29,53 тәулік (синодтық ай), ал оның жұлдыздарға қатысты Жерді бір айналып шығатын уақыты 27,32 тәулік (сидерлік ай немесе жұлдыздық ай) болады. Айдың өз осінен айналу периоды Жерді айналып шығу периодымен бірдей болғандықтан 59%-тін қамтитын жарты сферасы көрінеді. Қалған 41%-ті көрініп үлгермейді. Арғы беті осы себепті ғарыш кемелерімен арнайы суретке түсіріліп, картасы жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет