1Денсаулық бұл?


) Скринингті критерийлер?



бет9/19
Дата14.11.2022
өлшемі9,36 Mb.
#158115
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
ДНН РК
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, mustafaev-landshafttar, УМК Механика 1 курс 2021, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Практика пед, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, марк 11
23) Скринингті критерийлер?
Егер скринингкелесі критерийлерді қанағаттандырса, тиімді болып табылады:
Ауру денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі;
Танылған жағдайлар үшін емдеу әдістері әзірленді;
Диагностика және емдеу құралдары оңай қолданылады;
Аурудың бастапқы немесе латентті түрін анықтау;
Диагностика үшін қолайлы тесттер бар;
Аурудың табиғи ағымы жеткілікті зерттелген;
Науқастардың емдеуге келісімі;
Жағдайды анықтау және оны емдеу құнының теңдестігі;
Аурудың жағдайын табу мақсаты емес.
24)Халық денсаулығының көрсеткіштері?


25)Демография деген не?Қандай бөліктерге бөлінеді?
Демография (грек. Δῆμος — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯ– бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым.
ДЕМОГРАФИЯ 2ге бөлінеді
1.СТАТИКА
Бір уақытқа сәйкес халық санын білу халық саны мен құрылымы:
- жынысы,
- жасы,
- кәсібі,
- әлеуметтік жағдайы,
- ұлты,
- орналасуы,
- тығыздығы және т.б.
2.ДИНАМИКА 2ге бөлінеді халық санының өзгерушілігін зерттеу
1.Механикалық қозғалыс
(миграция)
Ішкі,Сырқы,Маятниктік,Қайтымсыз,Уақытша,Мезгілдік
2.Табиғи қозғалыс
Туушылдық,
Өлім-жітім,табиғи өсу,некелесу,ажырасу және т.б.
26.МЕДИЦИНАЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯбұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым.
27.Халықтың механикалық қозғалысы-халықтың көші-қон үдерісі. Халық миграциясы – бұл халықтың әкімшілік территория ішінде (ішкі миграция) немесе одан тыс жерлерге (эммиграция, иммиграция) ауыстыруы.
28.МИграция түрлері
Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсiнiктер тән. Бiрiншiсi бiр елге жұмысқа орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және басқада себептерге байланысты басқа елге барып кiрудi бiлдiредi. Екiншiсiнде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты иммигранттар және эмигранттар болып бөлiнедi. Халықаралық миграция континент аралық (мәселен, Еуропадан АКШ-қа және Австралияға) және iшкi континенталдық (мысалға, Еуропа шеңберiнде) болып бөлiнедi.
Ішкi миграция дегенiмiз - бiр мемлекеттiң территориясы көлемiндегi қозғалыс. Ішкi миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлiнедi: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.
Iшкi және сыртқы миграцияларға да мынандай негiзгi түрлер тән. Атап айтар болсақ, қоныс аудару қайтарымсыз және тұрақты уақытша миграцияға бөлiнедi, бiрiншiсi тұрақты мекен-жайын, азаматығын өзгертумен байланысты, ал екiншiсi болса жаңа жерде (жаңа елде) шектеулi бiр уақытпен жүрудi бейнелейдi, кей кезде ол бiршама ұзақ мерзiмге де созылады (БҰҰ-ның анықтамасы бойынша, бiр жыл және одан көп уақытқа кететiндер «ұзақ мерзiмдi» мигранттар болып есептеледi).
Маусымдық миграция мiндеттi түрде қайта оралу деген сөз, ол бiрнеше айға созылады, алайда бiр жылдан аспайды. Маусымдық миграция негiзiнен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгiлi бiр маусымдық жұмыстарда көрiнедi, мысалға: құрылыстарда, ауыл шаруашылығындағы егiн пiскен кезiнде, т.б. Нақты мысал келтiретiн болсақ, Оңтүстік Қазақстандағы мақта терiмiне Өзбекстаннан келетiн маусымдық мигранттар.
Маятниктiк миграция (челноктық, шекаралас) бұл тұрақты мекен-жайынан оқу немесе жұмыс мақсатымен басқа бiр облыс, ауданға немесе басқа бiр мемлекет территориясына күнделiктi (апталық та болады) орын алмастыруды айтады. Мәселен, фронтьерлiк (ағылшынша - шекаралық) миграциялық алайық. Фронтьер-жұмыскерлер күнделiктi, немесе апта салып мемлекет шекарасынан өтiп, басқа бiр елде еңбек өтетiндер. Мәселен, шекаралас жатқан Қазақстан мен Ресей арасында. Мұнымен қатар кейiнгi жылдары «желiлiк маркетинг» еңбек миграциясының түрi де кең тарауда. Желiлiк маркетинг - бұл дистрибьюторлар арқылы тауарды өткiзу.
Эпизодтық миграция - бұл төртiншi және негiзгi түр болып табылады. Ол iскерлiк, туристiк және т.б. құралады. Мәселен, 1993 жылдардағы әлемдегi туризм мен саяхаттаудан түскен пайда 3,5 трлн долларға бағаланса, ал туристер саны 443 млн-ды құраған.
Сыртқы миграцияға байланысты тағы бiр түрдi заңсыз (астыртын) миграцияны да бөлiп алуға болады. Заңсыз мигранттар дегенiмiз – жұмыс табу, өмір сүру мақсатында басқа бiр елдерге заңсыз келушiлер. Дүниежүзінде, әсіресе, 70-жылдардың ортасынан бастап заңсыз мигранттар саны өсіп, қазiргi кезеңде көлемi одан сайын ұлғаюда. Бұл миграция түрінің шынайы көлемiн толығымен анықтау мүмкін емес.
Осы жоғарыда айтылған миграция түрлерiмен қатар, қазiргi кезде зерттеушiлер моральды миграция түрiн де бөлiп алуда. Яғни, адам қоныс аударғысы келгенiмен қаржысының жоқтығынан көшiп кете алмайды, осымен қатар бұл жерде кедейлiк те миграциялауға себеп болады және қоныс аударуға кедергi келтiретiн де фактор болып табылады.
Тұрғын халықтық миграциясы‚ үш деңгейге бөлiнедi.
Бiрiншi деңгей-бұл миграциялау туралы шешiмдi қабылдау.
Екiншiсi — бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда айтқандай ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған миграциялар, яғни мигранттың өзiнiң тәуекелiне байланысты.
Үшіншiсi — бұл мигранттың жаңа орынға, жаңа жұмысқа бейiмделуi және үйренуi деңгейi.
29.Көші қонның қоғамдық денсаулық сақтауға әсері?
Халықаралық көші-қонның негізгі экономикалық себебі - еңбекақы деңгейіндегі айырмашылық, дүниенің әр түкпірінде бірдей жұмысқа төлемақының әртүрлі болуы. Қандай да бір аймақтағы белгілі бір сала бойынша мамандардың жетіспеуі осы мамандық үшін төленетін жалақының жоғарылауына, сәйкесінші мигранттардың ағылуына мүмкіндік береді.
Экономикалық мигранттар құлдыраудан қарқында дамып жатқан аудандарға қарай ағылады. Жұмыс күшінің сыртқы миграциясы үшін жоғары білікті мамандардың салыстырмалы түрде артуы тән. Көші қонның бұл формасы 1930 жылдарда Нацистік Германиядан кеткен ғалымдар ішінен таңдау мүмкіндігі туған кезден басталды. Қазіргі кезеңде жоғары білікті мамандар миграциясы Шығыс Еуропа елдерінен АҚШ-қа, Канадаға, Батыс Еуропаның кей елдеріне бағытталған. Экономикалық босқындар арасында өз елінде жұмысы бағаланбайтын ой еңбегі адамдарының үлесі жоғары. Олардың жаппай көшіп-қонуы, "ақылдың ағылуы" атауына ие болды.
Соңғы жылдары саяси босқындардың мәселесі жаһандық сипат алып отыр. Көші-қонның саяси түрткілеріне өзгеше ойлайтындарды қудалау немесе саяси босқындар ағынын тудыратын соғыс жатады.
Көші қонның діни себептері де жаппай сипат алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы Британдық Үндістанды бөлісу кезінде миллиондаған мұсылмандар исламдық Пәкістанға, индуизмді қолдайтындар Үндістанға көшті.
Экологиялық босқындар аумақ тіршілігіне қауіпті табиғи және техногендік апат нәтижесінде ластанған жерлерден көшті.
БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелері департаментінің 2013 жылдың 11 қыркүйегінде жарияланған баяндамасы бойынша, дүниежүзі мигранттары 232 млн адамды немесе әлем халқының 3,2%-ын құрады. Әлемдегі ең ірі миграциялық дәліз көшіп-қонушылар Мексика - АҚШ 13 млн адамға жеткен (2013 ж., қаңтар - тамыз), Ресей-Украина 3,5 млн адамға, Украина-Ресей 2,9 млн адамға, Қазақстан-Ресей 2,5 млн-ға жетті. Егер бұл көрсеткіш осы қарқынмен жалғаса берсе, онда 2050 жылы мигранттар саны 405 млн-ға жетеді.
30.Табиғи өсім-туу және өлу, халықтың табиғи өсімі, неке және ажырасулар тәрізді демографиялық құбылыстардың жиынтығы. Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны), туғандар мен өлгендер санының айырмасы табиғи өсімді керсетеді. Егер де өлім туудан артық болса, халықтың табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%о-ден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %о-ден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді.


31.Туу көрсеткіші- бір жылда тірі туған балалардың жалпы санының халық санына қатынасының промилде көрсетілген демографиялық көрсеткіші.
32.Өлім көрсеткіші - Уақыттың бір бөлігінде белгілі бір аурудан өлген адамның санын сол аурумен ауыратындардың санына қатынасын көрсетегін статистикалық көрсеткіш
33.табиғи өсім белгілі бір уақыт аралығында туылғандар (N) мен қайтыс болғандардың (M) саны арасындағы айырманың абсолюттік шамасы. Егер туылғандардың саны қайтыс болғандардың санынан асатын болса, Халықтың табиғи өсімі оң өсім болмақ. Өлім-жітім өте көп болғанда немесе туу деңгейі өте төмен болғанда өлім-жітім саны туу санынан көп болып, Халықтың табиғи өсімі теріс өсімге айналады. Кейбір аумақтар үшін халықтың жалпы өсімі мен халықтың миграциялық өсімі арасындағы айырма ретінде де есептелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет