1.​Денсаулық сақтау экономикасы ғылым және пән ретінде. Экономика деген сөз грек тілінен алынған «oikonomike»


​Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 70-бабы. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары



бет8/34
Дата08.02.2022
өлшемі73,56 Kb.
#118982
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
2 Аралық бақылау жауаптары
2 Аралық бақылау жауаптары
9.​Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 70-бабы. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары
Аурулардың алдын алу мен халықты емдеуге бағытталған шаралар арасында денсаулық сақтау ресурстарын тең және тиімді бөлу мақсатында олардың бөлінуін бағалау үшін пайдаланылатын, елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық ағындарды ұдайы, жан-жақты және дәйекті мониторингтеу жүйесі ұлттық денсаулық сақтау шоттары болып табылады.
2. Ұлттық денсаулық сақтау шоттары жыл сайын халықаралық әдіснама негізінде:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық бюллетендері;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері;
3) медициналық ұйымдар бөлінісінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың деректері;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ресми интернет-ресурстарында жарияланған статистикалық деректер пайдаланыла отырып қалыптастырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер негізінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілер бойынша шығыстар сипатталған талдамалық есепті, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастырады.
3. Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет