1.Әдебиет теориясы



бет7/19
Дата09.06.2020
өлшемі30,13 Kb.
#72805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Әдебиет теориясы
reflexive, программа-полиязычного-образования-каз
10.Монолог екіге бөлінеді.

Ішкі монолог - кейіпкердің іштей өз-өзімен сөйлесуі. Айталық, Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романында Итбай Тұрлығұлдың адамдары қызын айттыруға келгенде іштей қиялға беріліп, өз-өзімен ой түрінде сөйлеседі.

«...Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен. Қой,ақшадан да он құлынды бие дұрыс болар, бес-алты жылда, құдай бұйырса, жүзге тарта жылқы болмай ма? Жазғы қызығының өзі қандай, үйдің сыртына ұзын желіні құрып, құлындарды шыңғыртып байлап жатқан қандай?... Құдай тілекті берсе, мұратқа жетсем!»



Сыртқы монолог – шығармадағы кейіпкердің біреуге не көпшілікке арнап,сөзін бөлмей ойын жеткізуі. Орта жүздің биі болған Қазыбек қалмақ ханы Қоңтажыға елшілікке барғанда былай дейді: «Біз-қазақ деген елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен - қалмақ, біз - қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен - қабылан болсаң, мен -а рыстан, алысқалы келгенбіз...» Бұл – сыртқы монолог

11.Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі. Диалог сөздерде ой толық жеткізілмейді, сөйлем толық айтылмайды. Диалог түріне ашық сабақтан келтірілген үзінді.

- Балалар, мына сөз дұрыс жазылған ба?

- Дұрыс емес.

- Қалай жазылу керек?

- Сызықша арқылы

- Не себепті?

- Қос сөз

- Сәкен дұрыс айтты ма?

- Иә

12.Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру.

Академик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет