1.Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі


). ҚР-ң халықаралық жағдайы ж/е сыртқы саясаты



бет12/13
Дата30.01.2020
өлшемі287,63 Kb.
#56814
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
33-36


63). ҚР-ң халықаралық жағдайы ж/е сыртқы саясаты.Қазақ-ң сыртқы саясатында басты 3 мәселеге ерекше назар аударды: ТМД,Азия,Еуропа елдері,АҚШ Тынық мұхиты,Таяу Шығ. Аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету; Мәдени-эконом-қ байланысты күшейте отырып,алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; Қаз-ң қауіпсіздігін сақтау,ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау. Қазақ-ң сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын ж/е ірі көрші мемлекет-н,солт.Ресеймен,шығ-Қытай ХРмен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Қазақстан-Ресей қатынастары 1992 ж 25 мамыр Қазақ-н мен Ресей арсында достық,ынтымақтастық ж/е өзара көмек тур. шарт жасалды. 1998 ж 6 шілде Мәскеуде 21 ғ бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық тур.» Декларация қабылданды. Қазақ-н-Қытай байланыс-ры. 1990 ж Қаз-н мен Қытай келісімі нәт-де темір жол арқ. өзара байланыс іске асты.Нәт-сі:Қаз-н Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігі ие болды.Қаз-н-АҚШ байланыс-ры. Қаз-ң сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынас-ң өте зор.1991 ж 25 жел-н АҚШ Қаз-н Репуб-ң мем-к тәуелсіздігін таныды.Қазіргі кезде АҚШ Қаз-н экономикасының аса ірі инвесторы.Қаз-н ж/е ТМД елдері.ТМД елдерімен тығыз өзара қарым-қатынаста болу.

64) ТМД посткеңестік. Достастық посткеңестік елдер арасындағы жаңа бірлестіктер үшін іргетас болды. Бұл туралы Мәскеуде болып өткен ТМД мемлекет басшылары Кеңесі отырысының барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Кездесудің ашылуында РФ Президенті Дмитрий Медведев 20 жылдың ішінде Бірлестік дамудың қиын жолынан өткенін атап өтті. «Әр түрлі саяси жағдайы, жақын әрі басқаша мәдениеті бар елдер бір-бірін тек жақсы түсініп қана қоймай, ерікті түрде тең құқықты әрі пәрменді негізде тиімді қызмет ете алатынын дәлелдеді», - деп қосты ол. Д.Медведев ТМД-ның посткеңестік кеңістіктегі тұрақтылықтың маңызды факторы, ығын-шығындардың бар болуына қарамастан, іс жүзінде беделді аймақтық бірлестік болғанын атап көрсетті. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Перзиденті алғашқы кезде ТМД КСРО-ның бұрынғы елдерінің нығаюына мүмкіндік беріп, мемлекетаралық жанжалдардың пайда болуына жол бермегенін атап өтті. Сондықтан ТМД-ны одан әрі де жетілдіру қажет. ҚР Президенті Шарт шеңберінде еркін сауда аймағы бойынша қарым-қатынастарды дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталып, енді елдерге оны барынша жедел бекіту керектігін атап өтті. Н.Назарбаев Достастықтың посткеңестік елдер арасындағы қазіргі кезде де белсенді дамып жатқан жаңа құрылымдардың іргетасы болғанын атап өтті. Олардың арасында ЕурАзЭқ, Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік бар. «ТМД-ның мағынасы осында. Біз бұл барлығына тиімді әрі пайдалы, бұл ынтымақстастықтың егеменді, тәуелсіз екендігін көрсетуіміз керек. Сонда біз басқа елдерді де қызықтыра аламыз», - деді Мемлекет басшысы. ТМД отырысына Армения, Әзірбайжан, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинаның президенттері, Молдова мен Түрікменстан жоғары деңгейінің өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің басшылығы қатысты.
65) Ядролық қарудан бас тарту мәселесі – барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, ядролық полигондар –20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызатыны бәрімізгі белгілі.
Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір халық болмағанын айтсақ артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері жобалайды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Әлемнің көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан мемлекеті бейжай қарай алмады. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болды. Осыдан 20 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімді қабылдау – болашақты ойлаған қадам. Бұл әрине Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ерен еңбегі деуге болады
1991 жылдың 29 тамызында іс жүзінде жаһандық ядро тарихында жаңа дәуір басталды. Әлем жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен, саналы түрде және біржақты негізде бас тартқан ел, Қазақстанды үлгі тұтуға мүмкіндік алды. 1993 жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойып, 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды. Сөйтіп, 1994 жылы еліміз аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталса, келесі жылы бұрынғы Семей ядролық полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. 1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қол қойды. Ал 1997 жылы БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдап, 2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең соңғы штольня жойылды. 2001 жылы 29 тамызда «XXI-ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық конференцияда, 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару-жарақ шартына, яғни Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі өз міндеттемесін қуаттады [2. 32-33]

Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу (ЯСЖТС) туралы дайындық комиссиясымен жергілікті жерлерде халықаралық мониторинг және әдіс-тәсілдер жүйесін инспекциялауды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға үлкен маңыз береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде 2008 жылы Семей өңірі аумағында интеграцияланған далалық эксперимент өткізілді.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастама­сымен БҰҰ аясында 2011 жылдың қазан айының 12 жұлдызы күні Астанадағы, Тәуелсіздік сарайында Ядро­лық сы­нақтарға қарсы іс-қимылдың ха­лық­аралық күніне арналған шаралар төңірегінде «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өткен болатын. Бұл халықара­лық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақ­тық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, Ұлы­британия, Франция, Ресей Федерациясы, Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам және басқа да елдер парламенттерінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.Әлемнің көптеген мемлекет басшылары мен кемеңгер саясаткерлері бас қосқан келелі жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, ендігі жерде сол зардапты ешкімнің шекпеуін қалайтындығын айта отырып, Қазақстан жер бетіндегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жақтаушысы екендігін жеткізді. Қазақстан жа­­саған бұл қадамның маңызы шын мә­нінде уақыт пен кеңістікте алдыңғы кезекке шықты. Сондықтан 29 тамыздың біздің бас­тамамызбен БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халық­аралық күні деп жариялануын заңдылық деп қабылдаймыз», – деді президент. Осындай батыл қадамның нәтижесінде ғасырлар тоғысындағы 20 жыл бойы жаһандық яд­ро­лық қарсы тұрушылық қаупі ай­тарлықтай төмендеді. Оның сақталуы мен жүзеге асуы үшін мынадай белгілердің қабылдануы керектігін ортаға салып, ұсыныстар жасады. Ол біріншіден, Қазақстан өз аумағында ядролық отынның халықаралық банкін орналастыруға дайын. Екіншіден, тұрақсыздықтың негізгі ошағы болып отырған Таяу Шығысты ядролық қарусыз аймаққа айналдырып, оны ретке келтіретін халықаралық келісімнің құқықтық негізін нығайту. Үшіншіден, аса жойқын қуат көздерін әскери мақсатта, қару-жарақ жасауға пайдалануды біржолата тыю қажет десе, төртіншіден, ядролық сынақ атаулыны біржола доғару, ең бастысы, тоқсан ауыз сөздің тоқ етері – жер бетіндегі сынақтарға және жаппай қырып-жоятын қуаты бар қару-жарақтар шығаруға біржола тыйым салынуы керек деп кесіп айтты. Сонымен қатар, Назарбаев «Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын» қабылдауды ұсынды.


66)Назарбаев. Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Абай атындағы Қаскелең қазақ орта мектебінің 1958- ші жылғы түлектерінің аттестациялық тізімі Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды. Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО «қырғи-қабақ соғыс» деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен  жаңа мазасыз додаға қосылды. Бұл ел әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті. Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.   Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды. Назарбаевтар отбасы Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бәрі де сөйтті. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазды: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді...». Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына айналған еді.   Бастан кешкен барлық қиындықтарға қарамастан, ұлдар мен қыздарды білімнің сиқырлы әлемі, мәнді де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ тартты да тұрды.  Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.   Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген». "Біз чемпионбыз" Кейінірек оның әулетінде әйгілі адамдар болғаны анықталғанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан өзін халық арасынан шыққан, халыққа жан-тәнімен жақын адам деп есептейді және қазір де солай ойлайды.  Халқының қаны бір перзенті ретінде ол бұл сезімнен ешқашан арылған емес, қайта жыл өткен сайын еселей түсті. Ол сонымен қатар өзін нағыз қазақ, бабалар мәдениеті мен салттарының мұрагері, жаңа формацияның, әркімнің алдынан бұрын болмаған мүмкіндік ашатын ғылыми-техникалық прогрестің ілгері басқан жаңа дәуірінің адамы ретінде сезінді. Халықтың дәстүрлі танымы мен жаңа индустриялық дүниетаным оның жан-дүниесінде үйлесе тоғысты. Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын». Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ.  Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді. «Мәңгі естелікке». Мектептегі соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын Сол кезде оның тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды.   Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді. Жас Назарбаев ауқымды құрылыста жаңа үлкен өмір басталатынын, алдан жеке мүмкіндіктер мол ашылатынын қапысыз сезінді. Ол өз өміріне, өз тағдырына өзі иелік етуге бел байлап, түбегейлі шешімге бекінді.   «Болаттай берік бол!». Спорт секциясында Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді. Нұрсұлтан шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Жас Назарбаев бұлшық еті мен мінезінің мықтылығын спортта, балуандардың боз кілемінде дәлелдей білді. Осындай жекпе-жектердің бірінде ол өзінің әріптесі, жергілікті украин жігіті Николай Литошконың жауырынын жерге тигізді.   «Миколаның» әдепкідегі таң қалуы кейіннен құрметке ауысып, қазақ Назарбаев пен украин Литошко арасындағы мызғымас достыққа ұласты. Нұрсұлтан Литошко отбасының жиі барып тұратын қадірлі қонағына айналды. Днепродзержинскідегі бір жарым жылдық оқу мерзімі тез өте шықты.   Бауырлар. Нұрсұлтан Назарбаев және Николай Литошко 1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі (ВЦСПС) ұйымдастырған жарыста.

67) Биылғы Жолдау былтырғы Жолдаудың логикалық және мақсаттық жалғасы. Екі құжат та «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындауға жұмылдырады.
      Мақсат – қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сапасын күшейту. Жаңа экономикалық саясат осы негізгі мақсатты шешу жолын көрсетіп отыр. Ол жол Қазақстанда мұнай-газ секторынан түсетін пайдаға тәуелділіктен алып шығу. Сондықтан постиндустриалдық қоғамды қалыптастыратын үдемелі – индустриалды инновациялық даму бағдарламасын белсенді жүргізу саясаты жалғаспақ. Соңғы 5 жылда осы ҮИИД бағдарламасы ауқымында 800 жаңа кәсіпорындар іске қосылып жүздеген мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылғаны белгілі. Алдағы бес жылдықта осы шаруаға 100-ден астам елдің шетелдік компаниялары 40 млрд. доллардай ақша салмақ. Бұл 6  трлн. теңге Қазақстанды тауар өндіруші елге айналдырып, экономикадағы құрылымдық өзгерістердің белсенді жүруін қамтамасыз етеді.

Елбасының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше. „Мəңгілік ел“ идеясы қазақ халқының қаншама ғасырлар, аңсап келе жатқан, арманына апаратын, мақсатына жеткізетін, бірден-бір мəңгіліктің жолы. Елбасы өз Жолдауында „Мəңгілік ел“ болып қалу үшін бүгінгі заманға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады. „Мəңгілік ел“ — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — „Мəңгілік ел“ идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты — елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» — елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Тəуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл əлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде əлемдік бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз — бəсекеге төтеп беру. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты — күшті рух пен білім. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Жаһандану заманы, баршаға мəлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік-деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем-де емес дəрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мəселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында. Қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе берілген сəтінен басталған даму кезеңінің қай-қайсысында болмасын Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасын көреміз. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деген конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркін жəне тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заң баптарын жүзеге асыруда тиісті шешімдер мен қаулы-қарарлар қабылдады. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалды. Ана тілімізді өркендетуге бағытталған игі шаралар мен құжаттардың бəрі осы өткен жылдар жемісі. Мемлекет басшысы ел экономикасы мен шаруашылығы, мəдениет пен ғылым-білім саясаты жөнінде өткен бірде-бір жиында қазақ тіліне соқпай кеткен емес. Елбасы қазақ тілі ұлтымыздың асыл қазынасы, басты құндылығы екендігін «…əрі қару, əрі қалқан, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!», оның тарихтағы рөлін «…ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі». Мемлекеттік-деңгейдегі маңыздылығын «мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Əнұран секілді дəл сондай нышан», ел бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы əлеуметтік мəртебесін «…біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан əрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың намысын жану мақсатында айтылған отты ойларын «…өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім-де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз». Қазақтың қазақтығының басты белгісі — қазақша сөйлеуі. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі əлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады — деп нақты тұжырымдар арқылы атқарылар істің жүйелі-де жоспарлы жүргізілуін, басты мақсат-міндеттерін белгілеп берді. Елбасының қазақ тіліне байланысты айтылған орынды сөздері санаға сəуле түсіріп, барша жұрттың қазақ тіліне деген қадамдарын жеделдететін уақыт болды. Тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешілетіні-де дау туғызбайды. Біздің ең басты жолымыз да осы болуға тиісті. Бұған жиырма екі жылдық тарихымыздағы жаңа өміріміз-де, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи тəжірибелері-де толық дəлел бола алады. Халқымыз тəуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналары сөзсіз. Өз Отанының патриоты болу — бұл Қазақстан. Тұтас аумағына бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жеріміздің сан ғасырлық тарихы да, қазақ жерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғай білген ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығы да осы ана тіліміз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, ұлы мұраға айналды. Қазақстан Республикасының Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда жəне балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тəрбиелеуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет