1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудит нәтижелерін бағалау және құжаттық рәсімдеу



бет4/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

4.Аудит нәтижелерін бағалау және құжаттық рәсімдеу.
Аудит жұмысы бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылып жұргізілетін тиянақты жұмыс.Аудит теориясында сатылып жүргізу бірнеше этапқа бөлінеді. 1. Міндеттеме хат; 2. Келісім шарт жасау кезеңі; 3. Қаржы шаруашылық жағдаймен танысу және зерттеу; 4. Аудит жұмысының бағдарламасын жасау; 5. Аудит орындау кезеңі; 6. Аудиттің қорытынды есебін жасау; «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15 – бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады.Ішкі аудитор аудиттің нәтиежелері б-а қорытынды есеп тапсыруы керек. Қорытынды есептің қорытындысында аудиторлық тапсырмалардың мақсаттары, аудиттің көлемі, сонымен қатар тиісті қорытындылар, ұсыныстар және іс-әрекеттердің жоспары жөнінде ақпарат болуы керек. Қорытынды есепке тиісті тіркемелерімен қоса ішкі аудиторлық тексерулердің актісі тіркеледі.Тексеру нәтижелері негізінде аудитор анықталған қажеттіліктердің, көліктердің, бұрмалаушылықтардың және т.б маңызы жөнінде сипаттама қалыптастырады. Қорытынды есептің соңғы нұсқасы, егер, бұл қажет болса, ішкі аудитордың қорытындысын немесе нәтижелі пікірін білдіруі керек. Қорытынды есеп обьективті, түсінікті, толық және уақытылы болу керек. Сондықтан білдірілген пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;Аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;Теріс аудиторлық қорытынды. Ескерусіз аудиторлық қорытынды аудитор қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың белгіліенген негіздеріне сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді деген қорытындыға келген жағдайда жасалынады. Жалпы қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпарттарға әсерін тигізетін ескерту маңызды болып табылады. Келісе алмаушылық болған жағдайда тек сол ғана қаржылық қорытынды есепте дұрыс емес немесе толық емес ақпартатардың бар екендігін көрсетеді. Аудитор қаржылық қорытынды есеп бойынша теріс аудиторлық қорытынды жасауға мәжбүр болған кезде, қорытынды бөлімде төмендегілер қарастырылуға тиісті :«Біздің пікіріміз бойынша, жоғарыда бейнеленген фактілердің әсер етуінен қаржылық қорытынды есеп 200_ жылғы 31 желтоқсанға кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді және дәл көрінісін бере алмайды (немесе дәл көрсете алмайды)»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет