1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудит қағидалары мен тұжырымдары



бет55/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

59.Аудит қағидалары мен тұжырымдары.
Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі: 1. Ғылыми аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты объективті неғұрлым толық бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс. 2. Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді. Аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады, мұның өзі тереңірек танып-білуді қамтамасыз етеді. 3. Бақылаудың белгілі бір бөлімге жұмылдырылуы.Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын қызметінің белгілі бір учаскесіне жұмылдыру қағидасының маңызды методологиялық мәні бар. 4. Объективтілік. Объективтілік- бұл берілген іске ғана қатысты фактілерді назарға алатын ойлау түрі. Аудитор өз жүмысында шыншыл, адал әрі тура, ойын ашық айтатын болуы тиіс. 5. Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларғы ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа, пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті емес. 6. Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге информацияларды ешқандай алдын-ала пайымдаусыз зерттеп, қаржылық информацияларды ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ болуы тиіс. 7. Профессионалдық, шеберлілік, білушілік және ұқыптылық. Аудит тиісті дайындық тәжірибесі бар және жіті білікті адамдармен, профессионалдықпен жүргізілуі тиіс. 8. Құпиялылық немесе конфиденциялдық. Аудитор өзінің жұмыс барысында алған информацияны үшінші бір жаққа ерекше рұқсатсыз немесе мұндай заңды немесе мамандық міндеті болмаса беруіне болмайды.9. Оперативтілік. Бұл қағида тапсырманы тез, анық әрі тиімді орындауын білдіреді. 10. Есеп берушілік. Аудитор көп жағдайларда акционерлердің мүддесін, сонымен бір уақытта шаруашылық процесінің өзге де қатынасушыларының мүдделерін ескере отырып қимыл жасауы тиіс.11. Дайындау, пікір. Аудитор оның профессионалдық пікірлерін қолдануы тиіс.12. Коммуникация. Аудитор өз пікірін білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуы тиіс. Аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:-маңыздылық;-аудиторлық тәуекелдік;-қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет