2- тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой



Дата09.01.2022
өлшемі12,4 Kb.
#110428

2- тапсырма . Мәтінді оқы . Тақырып қой .

Қазақша күрес адамның денесін ширатып , бұлшық етті қатайтады , төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке , керек кезінде тез ойланып , әдіс таба білуге машықтандырады , Қазақша күрес — күш жетілдіретін спорт , сонымен қатар ол — қорғану өнері , Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап , бойындағы күшін түгел пайдалана алады . Мұнда шату , жата тастау , арқалай тастау , қол байлап күресу , салмақпен басу , тіресу , ашадан алу , аяқтың басымен іліп тастау , жамбасқа алып иіре лақтыру , белінен қысып , тірсектен шалу сияқты әдістерді де қолдануға болады .

Палуандар кілем үстінде , арнаулы жазық жерде , тегістегі қарда белдесiп күресе береді . Ойын ережесі бойынша , қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға , дөрекілік жасауға болмайды , Қарсыласын нығып , жауырынын жерге тигізген палуан жеңеді .

Жаңадан енгізілген ереже бойынша , күресетін палуандар жасына қарай 3 тогтқа , сал мағына қарай 8 категорияға бөлінеді . Күрес мерзімі ересектер үшін – 10 минут , жасөспірімдер үшін – 5 минут . Кейде жығылған адамды басып жатып , жауырынын жерге тигізу – шарт емес . Күрестің басты шарты – күшін , әдісін асырып , талассыз жығу . Кейде шыққан адам жығылған адамның басынан аттап , « күш алу » деген байырғы жеңіс белгісін жасайды . Қазақша күрес – аудандық , облыстық , республикалық спартакиадалардың бағдарламаларына енгізілген , спорт командалары бар , ресми түрде жұрт таныған өнер .



3 - тапсырма . Мәтінді мағыналық бөлікке жіктеп , әр бөлігіне ат қой . Әр бөлік бойынша үш сұрақтан дайында .



Кіріспе бөлім :




Негізгі бөлім :




Қорытынды бөлім





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет