2. 1Банкетке қызмет көрсету еркшелігі,қолданылатын қызмет көрсету түрі



бет3/10
Дата03.05.2020
өлшемі0,7 Mb.
#65635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ

Негізгі бөлім
2.1Банкетке қызмет көрсету еркшелігі,қолданылатын қызмет көрсету түрі

Банкет- бұлбір адамның құрметіне арналған мерекелік іс шара. Банкетке қызмет көрсету түрлеріне байланысты бірнеше түрлері бар. Толық қызмет көрсету. Жартылай қызмет көрсету, банкет коктейль, фуршет, банкет шай, банкет кофе. Қабылдау- мерекелік таңғы ас, түскі ас және кешкі ас, бір адамның құрметіне арналған іс шара, тапсырысты қабылдау әр банкет түріне байланысты әр түрлі болады. Тапсырыс қабылдарда жоғары қызметтегі фирма өнімдері шетельдік және қызметкерлердің банкетке тапсырыс беруі жайлы келісім шартқа отырады. Қазіргі уақытта арнайы қабылдау және барлық банкетке қабылдау түрлерінің өз этикеті болады. Арнайы қабылдау, күндізгі және кешкі, үстелдер және үстел орындықтары болады. Банкетке арнайы үстел ұзындығы 1,2- 1,5 метр. Ортақ ұзындығы бір адамға 0,6- 0,8 метр болып есептеледі. Залдың түріне, ауданына байланысты банкет үстельдері тік сызық түрінде, оған қоса Т, П, Ш әріп түрінде қойылады.

Банкет-коктейль. Көп жағдайларда конференция, жәрмеңке, съезд мүшелеріне банкет- коктейль ұйымдастырылады. Оның жалғасуы 2 сағаттан аспайды және де, ол әдетте кешкілік уақытта ұйымдастырылады.Банкет- коктейль өткізудің қатаң тәртібі жоқ. Келуші қонақтар өздеріне ыңғайлы уақытта келіп- кете береді (қабылдау уақыты арасында).Банкет- коктейльдің ерекшелігі- ондағы мәзірдің ішінде коктейльдермен, сонымен қатар әртүрлі алкогольсіз ішімдіктердің болуы. Банкет- коктейль экономды, ол жиһаз, ыдыс- аяқ, дастархандармен сүлгілердің көп болуын қажет етпейді. Банкет- коктейль болатын залдың көлемі мен ұйымдастырылуы басқа банкеттермен бірдей.

Банкет-фуршет.Банкет- фуршетті өткізудің негізгі себебі кәсіптік мінезде болатын жұмысты жайландыру жолдары, кәсіпкерлік мәмілелер мен үлкен шарттарға қол қоюлар. Алайда банкет- фуршеттерді мерей тойлар, отбасылық мерекелерде және т.б. ұйымдастырады.Банкет- фуршеттер уақытында келуші қонақтар арнайы үстелдерде тік тұрып, ішіп- жейді, онда орындық қойылмайды. Бұндай банкетке жасалынатың мәзірдің ерекшелігі суық тағам мен тісбасарлардың, ыстық тісбасарлардың, тоқбасар мен ыстық сусындардың ассортиментте көп болуы. Суық тісбасарларға қосады:

Салат (көкөніс, балық, ет, жеміс араластырылып жасалынған)

Тартымдалған жұмыртқа (әр түлі құраммен)

Ет тісбасарлары (суық еттен, үй құсынан, жабайы құстан, қақталған шұжық еттерінен ассортимент)

Балық тісбасарлары (суық және ыстық қақталған балық, сельд, балық паштеті, орама және т.б.)

Ірімшік тісбасарлар (әртүрлі сорттағы сырлар, печенье мен сыр таяқшалары, ерітілген сыр)

Канапе, бутерброд әртүрлі құраммен.Банкет- фуршеттің тағы бір ерекшелігі тағам мен тісбасарлардың порциондалуы, бұл дегеніміз тағамның ұсақ порциялануы, тез сіңу үшін.

Банкет- фуршетті 4-5 есе көп қонақтарға қызмет көрсетуге болады. Банкеттің уақыты 1-1,5 сағат.

Банкет — фуршетте қызмет көрсету.Банкет- фуршетте қызмет көрсетуде келесі нормалар қолданылады: 15-20 қонаққа бір даяшы қызмет көрсетеді. Залдағы даяшылар, үстелдің жанында тұрады, шырын, сусын құяды, тағамдар мен тісбасарлар салады. Қонақтардың барлығы үстел жанында тұра алмайтындықтан, даяшы өзінің назарын үстеден ары тұрған келушілер мен қосымша үстелде тұрғандарға салып, оларға сусындар мен тісбасарлар ұсынуы керек. Сусынды ұсынудың келесі тәсілдері бар: кішігірім подносқа сүлгі салып, әртүрлі сусыны бар рюмкаларды қояды. Оны сол қолда ұстай отырып, келушілерге ұсынады; сүлгімен жабылған подносқа 2-3 бөтелке сусындармен бос рюмкалар қойылады, бөтелкенің этикеткасы қонақтарға көрінуі керек, подносты сол қолға ұстап, қонақтарға ұсынады, қонақтын қалауы бойынша сусынды құяды.



Банкет-шай. Банкет-шайды туған күндер мен басқа да мерекелерге арнайы ұйымдастырады. Бұндай банкет түрінде адам саны аз болып келеді. Ұйымдастыру уақыты 16 дан 18 ге дейін, болу уақыты 2 сағат. Банкет- шайда қатып қалған қағида болмайды. Ол жайбарақат күйде өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет