2. Айналмалы қозғалыс үшін динамиканың екінші заңы



Дата07.02.2022
өлшемі22,73 Kb.
#82956
Байланысты:
Таралған массалы физикалық маятникті зерттеу.
Сандық анализ - Лекция 1 (1), Лекция 3


1. Физикалық маятник- қозғалмайтын горизонталь осьтің маңайында ауырлық күшінің әсерінен тербеліс жасайтын абсолют қатты дене.
2. Айналмалы қозғалыс үшін динамиканың екінші заңы (Ньютоның екінші заңы )- денелер жүйесіне түсірілген барлық сыртқы күштердің қорытқы импульс моменті жүйенің импульс моментінің өзгерісіне тең.
3. Гармониялық тербелістер - физикалық (немесе кез келген басқа) шамасы уақыт өтісімен синусоидалы немесе косинус оидалы заңдылықтар бойынша өзгеріп тұратын тербелістер.
Еркін тербелістер жүйе тепе-теңдік жағдайынан шығарылған кездегі жүйедегі ішкі күштердің әсерінен болады. Еркін тербелістер гармоникалық болуы үшін тербелмелі жүйенің сызықты болуы керек (яғни, сызықты қозғалыс теңдеуімен сипатталуы керек), және мұнда энергия диссипациясы болмауы қажет (соңғы болған жағдайда тербеліс өшеді).
Еріксіз тербелістер сыртқы периодты күштер әсерінен болып тұрады. Олар гармоникалық болуы үшін тербелмелі жүйенің сызықты болуы (яғни, сызықты қозғалыс теңдеуімен сипатталуы керек), ал сыртқы күштер өздері уақыт өткен сайын гармоникалық түрде өзгеріп тұруы қажет (яғни, сыртқы күштердің уақытқа тәуелділігі сионусоил\далы боуы керек).
4. Қарапайым денелердің инерция моменті – денені құраушы әрбір бөлшектің массасы мен бөлгектен оське дейінгі қашықтық квадраты көбейтінділерінің қосындысына тең физикалық шама.
5. Штейнер теоремасы былай тұжырымдалады кез келген оське қарағандағы инерциясы моменті сол оське параллель және дененің инерция центрі арқылы өткен басқа оське сәйкес инерция моменті мен дененің толық массасының осьтер арасындағы қашықтық квадратына көбейтіндісі қосындысына тең.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет