2. Қауіп факторының бағалау. Орайластық кестелерін түрлендіру. Фишердің нақты критерийі



бет2/18
Дата16.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
БСТ РК2
9 Құрал, ырғақтылық
80.81% Әбдіқадыр Сымбат

2. Қауіп факторының бағалау.


Жалпы сапалық белгілер дегеніміз медициналық зерттеу нысандарын сипаттайтын зерттеу нысандарына әсер ететін кіріс факторлары сонымен қатар осы секілді әсерге жауап беретін шығыс параметрлері сияқты көптеген белгілер номиналды шкала бойынша сапалы белгілер ретінде анықталады.Мысалы, науқастың ауырлық категориясы, яғни жеңіл, орта және де ауыр, өте ауыр секілді белгілер немесе емдеу нәтижесі аман қалуы немесе қайтыс болуы секілді белгілер.
Жалпы біз сапалық белгілерді талдау барысында орайластық кестелерді қолданамыз.Яғни зерттелетін белгілерді бақылау жиілігі немесе сандық емес айнымалылардың деңгейлері жөніндегі деректер категорияланған деп аталады. Жалпы мұндай деректерді жиілік кестесі немесе орайластық кестесі деп аталатын кестелерге енгіземіз. Егер де бұл кестеде екі қатар және екі баған болған болса онда бұл кестені біз 2х2 кестесі деп атаймыз.
2х2 кестесі үшін Х2 критерийін есептеу бақыланған жиіліктер мен күтілетін жиіліктер арасындағы айырмашылықты айқындауға негізделген.
Яғни орайласқан кестесінің қатарында немесе бағандарындағы көрсеткіштер арасында өз ара байланыс жоқ болған жағдайда бақыланған жиіліктің теориялық жиіліктерден аз ғана шамаға айырмасы болады және Хи-квадрат статистикалық есептелген мәні үлкен емес болады.Ал керсінше болса, яғни қатарында немесе бағандарындағы арасында өз ара байланыс болған жағдайда бақыланған жиіліктің арасында маңызды айырмашылық болады және Хи-квадрат статистикалық есептелген мәні үлкен болады.
Кей жағдайда 2x2 кестесіндегі χ 2 үшін келтірілген формула жоғары мәндер береді. Іс жүзінде, бұл нөлдік болжамның тым жиі қабылдан бауына алып келеді. Бұл әсерді болдырмау үшін формулаға Йетс түзету енгізеді:

Х^2/есептеу=n(ad+ab-n/2)^2/(a+b)(c+d)(a+c)(b+d)

Егер 2х2 кестесінде бақылау саныең болмағанда бір торкөзде төрттен кіші болса, онда біз мын формуланы қолданамыз.



X^2=((a+a0)/a0)+((b+b0)/b0)+((c+c0)/c0)+((d+d0)/d0)=n(ad+bc)^2/(a+b)(c+d)(a+c)(b+d)

Қорытындылай келер болсам жалпы сапалық белгілер медицинада аса алар орны зор болып табылады. Жалпы сапалық белгілер арқылы науқастардың аурулық кезеңін есепке ала аламыз және тек қана аурулық кезеңін ғана емес соны мен қатар науқастың өмір бойлық өлшем бірліктерін де есепке ала аламыз. Сапалық белгілерді талдау барысында орайластық кестенің не екенін ұқтық. Сапалық белгілер кезде біз Йетс түзетулерін және Фишер критерийлерін қолданамыз. Жалпы Фишер критерийлерін тек бақылау саны өте аз болып қалған жағдайда қолданамыз. Яғни орайласқан кестені талдау мақсатында қолданамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет