2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет12/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)
1867
Субъективтқұқық дегенiмiз құқық берiлген адамның мiнез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етiлген шегi. Ол құқық берiлген адамның белгiлi дәрежеде өзiнiң әрекет етуi немесе мiндеттi адамнан белгiлi бiр әрекеттер жасауды талап ету мүмкiндiгiнен көрiнедi.
Субъективтiк мiндет дегенiмiз мiндеттi адамның байқалуға тиiстi мiнез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етiлген өлшемi. Субъективтiк құқықтар мен мiндеттер өзара тығыз байланысты, әрбiр субъективтiк құқықтың тиiстi мiндетi бар және керiсiнше.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектiлерi болып табылады. Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық құқықтың субъектiлерi бола алады. "Жеке тұлға" ұғымы ҚР азаматтарын, шетелдiктердi және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды. Заңды тұлға мәртебесi болса, адамдар құратын ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматгық құқық субъектiлерi болып танылады.
Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды айтамыз (АК 33-бап). Азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер (облыстар, аудандар, қалалар және т.б.) болуы мүмкiн, бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде әрекет етедi (АК-ң 111, 112-баптары).
Азаматтық-құқықтық қатынастардың объектiлерi АК-ң 115-бабында аталған, мұнда олар мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке игiлiктер мен құқықтарға бөлiнедi. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға заттар, ақша, оның iшiнде шетел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызмет, шығармашылық, интеллектуалдық қызметтiң объективтелген нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және өзге де дараландыру құралдары, мүлiктiк құқықтың өзi де жатады. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар мен игiлiктерге адамның өмipi, денсаулығы, ар-намысы, қадiр-қасиетi, iскерлiк беделi, игi атағы, жеке өмiрiне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есiмiне құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   90




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет