2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Заңды тұлғалардың таратылуымен міндеттеменің тоқтатылуы



бет84/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)
1867
Заңды тұлғалардың таратылуымен міндеттеменің тоқтатылуы АК377 бабына сәйкес таратылатын заңды тұлғаның міндеттемесін орындау заңдар мен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келуі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, міндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие беруші) таратылғанда тоқтатылады.
Заңды тұлғаның тоқтатылуы таратылу және қайта құрылу нысанында жүргізіледі. Міндеттеме тек таратылу кезінде тоқтатылады. Қайта құрылу кезінде ол құқықтық мирасқорларға ауысады. (АК 46б.)
Заңды тұлғаны тарату және кредиторлармен есеп асырысу тәртібі АК 50-5 баптарымен, банкроттық туралы заңмен анықталады.
Таратылатын заңды тұлғаның мүлкінің жеткіліксіздігінен қанағаттандырылмаған несие берушілердің талаптары, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптар өтелген деп саналады. Өтелген болып сондай-ақ тарату комиссиясымен танылмаған талаптар және сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар саналады (АК 51б. 6т.).
Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру осы органда борышқор болған міндеттерді тоқтатуға әкеліп соқтырмайды.


Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк ұғымы
2. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң түрлерi
3. Шығындарды өтеу азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң жалпы шарасы
4. Iс жүзiндегi зиян жəне алынбаған табыс
5. Азаматтық-құқықтағы шығындарды өтеу көлемi
6. Мүлiктiк зиянды өтеу мен моральдық зиянның орнын толтыру
5. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң негiздерi мен шарттары
2. Мiндеттеменi орындаумен тоқтату
3. Бас тарту төлемi
4. Мiндеттеменi есепке жатқызумен тоқтату
5. Борышқор мен несие берушiнiң бiр тұлға болуына байланысты мiндеттеменiң тоқтатылуы
6. Жаңғыртылуға байланысты мiндеттеменiң тоқтатылуы
7. Борышты кешiру
8. Мiндеттеменi орындау мүмкiн болмауға байланысты тоқтатылуы
9. Мiндеттеменiң мемлекет органының құжаты негiзiнде тоқтатылуы
10. Азаматтың қайтыс болуына байланысты мiндеттеменiң тоқтатылуы
11. Заңды тұлғаның жойылуына байланысты мiндеттеменiң тоқтатылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет