2. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін цифрландырудың жағдайын талдау және бағалау


Ескерту: автор құрастырған []Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты https://egov.kz/cms/kk/articles/pre_school/preschool



бет2/2
Дата24.10.2023
өлшемі53,66 Kb.
#188210
1   2
Байланысты:
2.1 ҚР білім беру жүйесі
Семинар бойынша әдістемелік нұсқаулық, салық

Ескерту: автор құрастырған []Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты https://egov.kz/cms/kk/articles/pre_school/preschool


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізі мақсаты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыру бойынша жас ерекшеліктеріне қарай балаларды келесі екі топқа бөлген: 1) Бөбек жасы; 2) Мектепке дейінгі жас.
Өз кезегінде бөбек жасы келесі жас аралығы бойынша жіктеледі:
-нәрестелік жас-туғаннан бастап 1 жасқа дейін
-ерте жас- 1 жастан бастап 2 жас аралығы
-кіші жас-2 жастан бастап 3 жас аралығы
Мектепке дейінгі жас аралығы бойынша мынадай кезеңдер бекітілген:
-мектепке дейінгі орта жас-3 жастан бастап 4 жасқа дейін
-мектепке дейінгі ересек жас-4 жастан бастап 5 жасқа дейін
Мектепалды даярлық -5 жастан бастап 6 жасқа дейін
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру мақсатында «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» []Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты https://egov.kz/cms/kk/articles/pre_school/preschool халықаралық тәжірибеге сүйене отырып арнайы дайындалған ағарту бойынша бағдарламалар ұсынылған.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі мектепке дейінгі білім беру және тәрбилеу ісімен айналысатын мекемелер қызметіне де әсер етті. Қазақстан территориясында 1991 жылы 8743 мемлекеттік бала-бақша болса, оның 55 пайызы жекешелендірілді[] Еркебаева С.//Қазақстандағы мектепке дейінгі білім дамуының қазіргі жағдайы/ http://www.rusnauka.com/5_NITS_2015/Pedagogica/4_187232.doc.htm дата обращения 09.04.2022 Экономикалық факторлардан басқа Қазақстан Республикасындағы соңғы 30 жылда орын алған демографиялық жағдай да мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесін ұйымдастыруға әсер етуде. Елдегі туу деңгейі мен бала-бақшалар және мектепке дейінгі оқыту бойынша шағын орталықтардың санының арасындағы сәйкессіздікті көрсетті. Бұл күрделі мәселені шешу үшін ҚР мемлекеттік және жеке серіктестік формасындағы ынтымақтастық негізінде екі жақты келісім шарт арқылы бірлесіп қызмет атқаруда.
Кесте 2.3-ҚР бойынша туғандар саны(тірі)

Жылдар/

2000

2015

2016

2017

2018

2019

2020

ҚР бойынша

222 054

398 458

400 694

390 262

397 799

402 310

426 824

Ескерту: ҚР ұлттық статистика бюросы мәліметтері негізінде құрастырылған // https://taldau.stat.gov.kz/kk/NewIndex/GetIndex/703839?keyword=
Кесте 2.3-те көрсетілгендей, 2020 жылы туылғандардың саны 2000 жылдағы туылғандар санымен салыстырғанда 52% өскен, ал оны өңірлер шеңберінде қарастырсақ, тууылғандар саны бойынша 1-ші орында Түркістан облысы-61268, 2-ші орында Алматы облысы-54355, 3-ші орында Алматы қаласы-35526 адам болса, Республика бойынша тууылғандар саны бойынша ең төменгі көрсеткіш 6 879 адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген[]
ҚР статистика ұлттық бюросының мәліметі бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін ұйымдар саны бойынша да соңғы 5 жыл аралығында оң динамика байқалады(Кесте 2.4)
Кесте 2.4-ҚР бойынша мектепке дейінгі ұйымдар саны

Жылдар/

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

ҚР бойынша

8 834

9 410

9 828

10314

10 583

10 650

10871

Ескерту: ҚР ұлттық статистика бюросы мәліметтері негізінде құрастырылған // https://taldau.stat.gov.kz/kk/NewIndex/GetIndex/703839?keyword=
Кесте 2.4-те келтірілген мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылы мектепке дейінгі ұйымдар саны 10 871, ол 2015 жылмен салыстырғанда 18.7% өскен.
Осы ұйымдардағы балалар саны бойынша келтірілген ұлттық статистика бюросы ақпаратына сүйенсек, 2017-2021 жылдар аралығында балалар саны 807 170 тен 922 400-ге (12,5%) өскен. Сонда 2019-2021 жылдар аралығында тууылғандар санының өсу қарқынын ескерсек, онда болашақта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту орындарына деген сұраныс артатыны белгілі. Бұл жағдай, әсіресе тууылу деңгейі жоғары Түркістан, Алматы облысы, Алматы және Нұрсұлтан қалалары үшін өзекті мәселе болып отыр.
Қазіргі кезде 3-6 жас арасындағы балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру ауқымы 98% болса, бұл көрсеткіш 2-6 жас аралығы үшін 71% құрады. Дегенмен осы жас аралықтарындағы бүлдіршіндерді бала бақшамен қамту бойынша кезекке тұру Түркістан, Алматы, Маңғыстау облыстары, Алматы, Нұрсұлтан қалалары үшін өзекті болып отыр. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу көзделген. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін үкімет әрі қрай жеке меншік бала бақша, ваучерлік қаржыландыру жүйесі, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің альтернативті үлгілерін қолдануды жалғастырады[]Очередную реформу затеяли в сфере образования Казахстана https://forbes.kz/process/education/ocherednuyu_reformu_obrazovaniya_zateyali_v_kazahstane/
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі келесі бір өзекті мәселелердің бірі орта мектептік білім беруді қамтамасыз ету жағдайы және күндізгі білім беретін мектептер саны. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша Қазақстанда 2017-2020 жылдар аралығында мектептер саны мен мектепте оқитын оқушылар саны бойынша төмендегідей өзгерістер орын алған. (Кесте 2.5)
Кесте 2.5-Қазақстандағы мектеп, оларда оқитын бала саны және компьютермен қамтамасыз ету деңгейі

ҚР бойынша /жылдар

2017

2018

2019

2020

Мектеп саны, бірлік

7 339

7 319

7 329

7 370

Мектепте оқитын балалар саны, адам

2 972 319

3 105 334

3 242 280

3 368 702

Компьютермен қамтамасыз ету деңгейі, бірлік

108 543

111 265

109 084

112 846

Бір компьютерге адам саны, адам

10,03

9,63

9,97

5,91

Ескерту: ҚР ұлттық статистика бюросы мәліметтері негізінде құрастырылған // https://taldau.stat.gov.kz/kk/NewIndex/GetIndex/703972?keyword=
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей мектептер санының өсу қарқыны мен мектепте оқитын бала саны арасында сәйкессіздік бар. Зерттеліп отырған уақыт аралығында мектептер саны тек 31-ге өссе, мектепте оқитын бала саны бойынша 396 383 балаға артқан. Сонда бір мектепте оқитын бала саны 12 786 ны құрайды. Санитарлық-гигиеналық талаптар, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша талаптар, мұғалім жүктемесіне қойылатын талаптарды ескеріп, бір мектепте орта есеппен алғанда 700 бала оқу керек десек, онда білім беру сапасын жоғарылату үшін әліде Қазақстанда мектеп орындарының жетіспейтіндігін көруге болады. Сондай-ақ 2.5-ші кестеде көрсетілгендей, мектептердегі компьютермен қамтамасыз етудің орташа деңгейі 2017 жылы-14,7 болса, бұл көрсеткіш 2020 жылы тек 15,3-ке ғана өскен. Мектептердегі бұндай материалды-техникалық жабдықталу деңгейі білім беру жүйесін толығымен цифрландыру үшін төмен көрсеткіш деуге болады. Дегенмен, бір оқушыға шаққандағы компьютер саны бойынша деректерге сүйенсек, 2020 жылы жағдай біршама түзелген(Кесте 2.5).
Орта білім беру ұйымдарында біртіндеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Осыған орай мектептерді жаңа оқулықтар мен қамтамасыз ету, оқулықтардың сапасын жақсарту мәселелерін шешу қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты жүргізілетін жұмыстарды сапалы атқару үшін ҚР білім және ғылым министрлігі типтік оқу бағдарламаларын апробациялау және экспертизадан өткізу шараларын 2022 жылы ұйымдастыруды көздеп отыр[]Очередную реформу затеяли в сфере образования Казахстана https://forbes.kz/process/education/ocherednuyu_reformu_obrazovaniya_zateyali_v_kazahstane/
Орта мектептердегі кадр мәселесін шешу мақсатында мұғалімдердің жалақысын көтеру бойынша шаралар қабылданған. 2024 жылға қарай мектеп мұғалімдерінің жалақысын екі есе арттыру жоспарланған[]Очередную реформу затеяли в сфере образования Казахстана https://forbes.kz/process/education/ocherednuyu_reformu_obrazovaniya_zateyali_v_kazahstane/
Кесте 2.6-Қазақстандағы кәсіптік, техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім алушылар саны және компьютермен қамтамасыз ету деңгейі

ҚР бойынша /жылдар

2016

2017

2018

2019

Техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдары саны, бірлік

779

779

769

740

Оқитын балалар саны, адам

162 613

168 956

165 857

153 123

Интернет желісіне қосылған компьютерлер саны, бірлік

45 113

47 452

47468

48300

Ескерту: ҚР ұлттық статистика бюросы мәліметтері негізінде құрастырылған // https://taldau.stat.gov.kz/kk/NewIndex/GetIndex/703972?keyword=
Кестеде көрсетілгендей, 2016-2019 жылдар аралығында техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 5 пайызға төмендеген, ал бұл ұйымдарда оқитын білім алушылар саны осы уақыт аралығында 9 490 адамға азайған. Оның себептеріне колледж инфрақұрылымының деңгейінің төмен болуы, мектеп оқушыларының техникалық орта білімге қарағанда жоғарғы оқу орындарына сұраныстың артуы болуы мүмкін.
2021 жылы «Жас маман» жобасы шеңберінде Республика бойынша 180 колледж модернизациялаудан өтуге қосылған және 7 заманауи колледж ашу жоспарланған[]Очередную реформу затеяли в сфере образования Казахстана https://forbes.kz/process/education/ocherednuyu_reformu_obrazovaniya_zateyali_v_kazahstane/
Жоғарғы оқу орындары экономиканың кез келген салаларына білікті маман дайындайтын білім беру жүйесіндегі ерекше сала ретінде қарастырылады. 2010 жылы Болон декларациясына қол қойғаннан кейін Жоғарғы білім беру жүйесі кредиттік технологияға көшті. Ондағы мақсат білім сапасын арттыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету[] )Қазақстандағы жоғарғы білім беру https://iqaa.kz/kk/zhogary-bilim/kazakstandagy-zhogary-bilim-beru
ХХI ғасырдың басында орын алған ұлттық білім беру жүйесін модернизациялауға байланысты экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық өзгерістер енгізу бұл жүйені ашық жүйеге айналдырды. Дегенмен, ҚРда жоғарғы біліммен қамту ауқымы 2021 жылы 62 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда 8 пайызға жоғары болғанымен, Ресей және Белоруссия елдерімен салыстырғанда 18 пайызға төмен. Оңтүстік Кореяда жоғарғы біліммен қамту деңгейі 94 пайызды құрайды[] https://www.energyprom.kz/ru/a/reviews/ohvat-vysshim-obrazovaniem-v-rk-sostavlyaet-vsego-62-v-vremya-kak-v-rossii-i-belarusi-bolee-80
Республика территориясындағы жоғарғы оқу орындарының саны 2020/2021 оқу жылы азайған . Мысалы, осы оқу жылы басында 129 жоғарғы оқу орны болған. Оқу жылының қорытындысы бойынша БжҒМ 15 жоғарғы оқу орнының лицензиясын қайтып алған[] https://www.energyprom.kz/ru/a/reviews/ohvat-vysshim-obrazovaniem-v-rk-sostavlyaet-vsego-62-v-vremya-kak-v-rossii-i-belarusi-bolee-80 , бұл үкіметтің оқу сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асырып отырған оңтайландыру саясатымен байланысты.
Жоғарғы оқу орындарындағы интернет желісіне қосылатын компьютерлердің саны келесі кестеде көрсетілген(Кесте 2.7)
Кесте 2.6 ҚР жоғарғы оқу орындарындағы интернет желісіне қосылатын компьютерлердің саны

Аймақ/жыл

2017

2018

2019

Қазақстан Республикасы

71 580

71 381

70 357

Ақмола облысы

1 736

1 682

1 254

Ақтөбе облысы

2 579

2 695

3 021

Алматы облысы

1 759

1 734

1 736

Атырау облысы

748

873

723

Батыс Қазақстан облысы

2 829

2 551

2 396

Жамбыл облысы

2 411

3 146

1 240

Қарағанды облысы

8 140

8 349

8 198

Қостанай облысы

3 947

4 045

4 054

Қызылорда облысы

1 140

1 140

1 163

Маңғыстау облысы

652

692

792

Оңтүстік Қазақстан облысы

8 089







Павлодар облысы

1 950

2 249

1 422

Солтүстік қазақстан облысы

1 562

1 397

1 209

Түркістан облысы




1 830

1 819

Шығыс Қазақстан облысы

4 009

4 051

4 165

Нұр-Сұлтан қ.

7 895

8 313

10 032

Алматы қ.

22 134

20 728

21 193

Шымкент қ.




5 906

5 940

Ескерту: ҚР ұлттық статистика бюросы мәліметтері // https://taldau.stat.gov.kz/kk/NewIndex/GetIndex/703972?keyword=
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, жалпы интернетке қосылатын компьютерлер саны 2019 жылы 2017 жылмен салыстырғанда абсолютті өлшемі 1223 компьютерге азайған. Интернетке қосылу қол жетімділігін барлық жоғарғы оқу орындары қамтамасыз етеді, осы көрсеткіштердің оң нәтижесі тек үш ірі қала (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) және Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Алматы, Ақтөбе облыстарында ғана байқалған. Ұлттық статистика бюросы 2020, 2021 жылдар бойынша интернетке қосылу қол жетімділігі бойынша компьютерлер саны бойынша мәліметтер бермеген.
ҚР ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, 2016-2021 жылдар арасында жоғарғы оқу орындарының саны артқан(Кесте 2.7)
Кесте 2.7- ҚР жоғарғы оқу орындарының саны(оқу жылы басталғандағы жағдай)

ҚР бойынша /жылдар

2016

2017

2018

2019

2021

Барлығы

125

122

124

125

129

Ескерту: ҚР ұлттық статистика бюросы мәліметтері негізінде құрастырылған // https://taldau.stat.gov.kz/kk/NewIndex/GetIndex/703972?keyword=
Жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттер саны бойыншада 2016-2019 жылдар аралығында оң өзгерістер орын алған. 2016 жылы студенттер саны- 477 074 болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш- 604 345 адам болған[]https://taldau.stat.gov.kz/kk/NewIndex/GetIndex/703972?keyword=
Соңғы жылдары шет елге барып оқитын студенттер саны артқан. 100 000-нан аса студенттер әлемнің 130 мемлекетінде білім алуда[] https://www.energyprom.kz/ru/a/reviews/ohvat-vysshim-obrazovaniem-v-rk-sostavlyaet-vsego-62-v-vremya-kak-v-rossii-i-belarusi-bolee-80
Бұл бір жағынан, жаһандану жағдайындағы жастар үшін үлкен мүмкіндік деп бағаланады. Шет елде оқуға кетіп жатқан жастардың талантты, шет ел тілін жетік меңгенген жастар екенін ескерсек, адам ресурстары тұрғысынан бұл жағдайдың экономикаға теріс әсері болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, ҚР білім беру жүйесінің құқықтық-норматтивтік базасы қалыптасқан, инфрақұрылымдық жағдайы қанағаттанарлық, адам капиталын дамытуда ерекше рөл атқаратын сала деп қарастыруға болады деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет