2. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін цифрландырудың жағдайын талдау және бағалау



бет1/2
Дата24.10.2023
өлшемі53,66 Kb.
#188210
  1   2
Байланысты:
2.1 ҚР білім беру жүйесі
Семинар бойынша әдістемелік нұсқаулық, салық

2. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін цифрландырудың жағдайын талдау және бағалау

2.1 Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін талдау


Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала болып табылады. Білім беру саласы тек адамдардың интелектуалды дамуын ғана жүзеге асырмайды, сонымен қатар оны «өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы»[]Н. Назарбаев//Жүз нақты қадам/Алматы, 2015) ретінде қарастыру керектігі көрсетілген.
Білім беру жүйесі экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс атқаратын бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды. Осыған байланысты мемлекет білім беру саласын ерекше қолдау және дамыту бойынша ауқымды шаралар жүзеге асыруда. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының(ЭЫДҰ) бағалауынша, Қазақстан адам ресурстарын дамыту бойынша әлемдік экономикада артықшылыққа қол жеткізген, бұндай артықшылыққа қол жеткізудің себептерінің бірі білім беру жүйесін қазіргі заман талабына сай дамытқан жағдайда ғана мүмкін болады.
Қазақстанның білім беру жүйесінің қалыптасу тарихын қарастырсақ, ол ерте заманнан бастау алған. Уикипедия ашық энциклопедиясында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар ерте заманғы білім беру кезеңі, Ресей империясы кезеңі, ХХ ғасырдағы білім беру жүйесі, жоғарғы білім беру жүйесі[] https://clck.ru/eoPip. Соңғы 30 жылдан астам уақыт аралығында Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістерді ескерсек, онда жоғарыда аталған төрт кезеңге білім беру жүйесінің 1991 жылдан кейінгі дамуы деген кезең қосуға болады.
Алғашқы білім беру орындар болып медреселер есептелген. Онда жалпы мұсылмандыққа тәрбиелеу, араб әріптерін үйрету, құран жаттау арқылы оқыту ісі жүзеге асырылды. Бұндай мектептерде көбінде ұлты татар, башқұрт молдалар сабақ берген. Айта кететін жағдай, сол кездегі мектептерді тек діни бағытта ғана емес, ғылыми көзқарастар, ізденістерге баулитын орта ретінде қарастыруға болады. Сондай медреседен білім алған ірі ғұламалар қатарында танымал тұлғалар көп. Мысалы, Отырар медресінен білім алған шығыс ғұламасы Әбу Насыр-Әл-Фараби болса, Семейдегі Ахмет Риза медресінде А. Құнанбаев, ал Уфаның «Ғалия» атты медресінде оқыған М. Сералин, М.Жұмабаев, Б. Майлинді және т.б. атауға болады. [] Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихы, https://clck.ru/eoPip .
Қазақстан территориясында Ресей империясы үстемдік еткен жылдар аралығында мектептер саны көбейе бастады. Бұл мектептер Ресей саясатын жергілікті жерлерде жүзеге асыратын шенеуніктер мен орыс-қазақ тілмаштарын дайындауды көздеді. Қазақ балаларының сауатын ашу мақсатында мектептер ашу бойынша жұмыстар қазақ жерінде ашылуы 1789-1888 жылдар аралығында қарқынды жүзеге асырылды(Кесте 2.1 қараңыз)

Кесте 2.1 Ресей империясы кезіндегі мектептердің пайда болу хронологиясы





Мектептер
ашылған уақыт

Мектептердің атауы және ашылған орны

1

1789

Омбы қаласы, Азиялық училище

2

1841

Бөкей Ордасы, қазақ балаларына арналған орыс мектебі

3

1844

Орынбор қаласы, Неплюев кадет училищесі

4

1846

Омбы кадет корпусы

5

1850

Орынбор қаласы, 7 жылдық мектеп

6

1864

Торғай, қазақ мектебі және интернаты

7

1886

Торғай, қол өнер училищесі

8

1888

Торғай, Ырғыз қыздар пансионаттары

9

1890

Қарабұлақ, қыздар училищесі

10

1893

Қостанай, қыздар училищесі

11

1896

Ақтөбе, қыздар училищесі

Ескерту: Уикипедия ашық энцеклопедиясы негізінде автор құрастырған

Кестеде көрсетілгендей алғашқы мектептер Қазақстан мен Ресеймен шекарасына жақын елді-мекендерде ашылған.


ХХ ғасырдың 20-30 жылдары оқу-ағарту ісіне ерекше көңіл бөлінді. Оған мемелекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, 367 мектеп жаңадан салынса, 361 мектеп күрделі жөндеуден өткізілген.
1926 жылы Республика территориясында 333 бастауыш мектеп болса, 1930 жылдардың ортасына қарай оның саны 5 еседен көп болды.
Республикада оқу ағарту орындарының ашылуы білім беру бойынша атқарылған жұмыстардың сандық есебі жағынан жоғары көрсеткіш болғаныменен. 1929 жылғы араб әліппиінен латынға көшу, ал 1940 жылғы латын әліппінен кириллицаға көшу білім беру саласында біршама қиындықтар туындатты.
1940-60 жылдар аралығында да мектеп ашу ісі жалғастырылды. Мектепте білім алатын бала саны да өсті. Мысалы, 1960 жылы 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды және осы жылдары 8 жылдық білім беру жүйесіне көшті[]Қазақстан білім беру жүйесінің тарихы // https://clck.ru/eoPip
1960-70 жылдары оқу мазмұнына өзгерістер енгізіліп, мектептегі оқу бұрынғы 7 жылдықтан 8 жылдық оқу жүйесіне көшірілген.
1970-80 жылдар аралығында да бұл салада ауқымды өзгерістер жүзеге асырылған,соның бірі мектепке 6 жастан бастап қабылдау туралы шешім, мектепке дейінгі дайындық курстарын ұйымдастыру, оқушыларды кәсіби мамандыққа бағыттау мақсатында оқу шеберханаларын ашу және т.с.с
XX ғасырдың 20шы жылдарынан бастап жоғарғы білім беру саласында да оң өзгерістер орын алды. 1920 жылы Бөкей Ордасында ағарту институты ашылған, осындай институттар Қызылорда мен Верный қалаларында да есік ашты. Осы уақыттан бастап Қазақстанның ірі қалаларында жоғарғы оқу орындарының саны артты(Кесте 2.2).
Кесте 2.2-ҚР ірі қалаларындағы жоғарғы оқу орындары



Құрылған жылы

Жоғарғы оқу орындарының атауы

1

1928

Қазақ педагогикалық институты

2

1929

Алматы мал дәрігерлік институты

3

1930

Қазақ ауыл шаруашылық институты

4

1931

Қазақ медицина институты

5

1932

Орал педагогика институты

6

1934

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Қазақ тау-кен институты

7

1941

Алматы педагогикалық шет тілдер институты

8

1950-60

Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Ақмола қалаларында педагогикалық институт

Ескерту: Уикипедия ашық энцеклопедиясы негізінде автор құрастырған

1950-60 жылдар аралығында 2.2-ші кестеде көрсетілген оқу орындарынан басқа экономиканың әртүрлі салалары бойынша мамандандырылған институттар ашылған. Олардың арасында ауыл шаруашылығы(Орал, Ақмола), медицина(Ақтөбе, Ақмола), құрылыс-жол(Өскемен, Ақмола) және т.б. институттарды атауға болады


Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіне 1991 жылы ҚР тәуелсіздік алған уақыттан бастап күрделі өзгерістер енгізілгені белгілі. Сол орын алған өзгерістер нәтижеінде 1991 жылы Республикада лицей, гимназия, кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер жұмыс атқара бастады[]Қазақстан білім беру жүйесінің тарихы // https://clck.ru/eoPip
Білім беру жүйесінің қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында мемлекет тарапынан Білім туралы заң, арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Қазақстан азаматтары 1995 жылғы қабылданған Конституцияға сәйкес жалпыға бірдей міндетті, тегін орта біліммен қамтамасыз етіледі. Алғашқы «Білім беру туралы» Заң 1999 жылы қабылданған. Осы Заңда білім беруді қамтамасыз ету бойынша қажетті құқықтық-нормативтік база жаңартылған және экономика жүйесінде орын алған өзгерістер, яғни әкімшіл-жоспарлы жүйеден нарықтық жүйеге өтуге байланысты білім беру саласындада сәйкесінше өзгерістер орын алды. Жалпы білім беруді ұйымдастыруда үш сатылы жүйе бекітілді. 1-ші саты бастауыш мектеп(1-4 сынып), негізгі мектеп(5-9 сынып), және жоғары мектеп(10-12 сынып) болып бөлінді.
Қазіргі қолданыстағы заң 2007 жылы ҚР білім туралы заңы қабылданған және оған соңғы жылдары толықтырулар енгізілген. Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған [](ҚР білім туралы заңы//19.07.2007./ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 ).
Білім туралы заңда-білім беру жүйесіндегі қоғамның атқаратын міндеттері, білім беру жүйесінің деңгейлері, білім беру формаларындағы өзгерістер көрсетілген.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қол қойып, осы жүйені қабылдаған 47-ші мемлекет болды. Ал Орта Азия елдері арасында ең алғашқы болып Болон үдерісін жоғары білім беру жүйесіне енгізді. Қазіргі кезде бұл Хартияны әлемнің 650-ден астам университеттері мақұлдаған, оның 60-ы Қазақстандық университеттер[](Содействуя к высокому качеству//Болонский процесс в Казахстане/ https://clck.ru/eoK4j ). Болон үдерісіне енгеннен кейін ҚР білім беру жүйесінің деңгейлері бойыншада өзгерістер енгізіліп, қайта құрылған(Сурет-1)



Сурет 1-ҚР білім беру жүйесі деңгейлері[ҚР білім беру заңы]


Сурет 1-де ҚР білім беру жүйесі деңгейлері ҚР Білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мақсатында Болон үдерісіне енуге байланысты орын алған реформалық өзгерістер негізінде құрастырылған.
Болон жүйесіне енгеннен кейінгі жоғарғы оқу жүйесіндегі басты өзгерістер қатарына үш деңгейлі (бакалавриат, магистратура, докторонтура) білім беру жүйесін енгізу, Қазақстандық білім жүйесін әлемдік білім жүйесіне сәйкестендіру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға көшіру, 2018 жылдан бастап оқу үдерісінде Қазақстандық кредит жүйесінен кредиттерді жинақтау мен аударудың Еуропалық жүйесіне(ECTS) көшу жатады.
Білім беру жүйесі адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ал, қоғамның міндеті тұлғаның сапалы білім алуына, қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына жағдай жасау болып табылады,[] (Система образования в РК 2022 году// https://www.nur.kz/family/school/1773601-novaa-sistema-obrazovania-v-kazahstane/ ) себебі білім беру жүйесі жеке тұлғаның мәдени, рухани, шығармашылық, физикалық дамуына негіз қалайды. Ол, сондай-ақ, адамгершілік ұстанымы бар, патриот жеке тұлғаны тәрбиелеу арқылы қоғамның әлеуметтік дамуына да үлес қосады. Осындай ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының орны ерекше.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу ісі бойынша қызметті мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдары жүзеге асырады. Меншік формасына қарамастан бұл ұйымдар қызметі мемлекет тағайындаған негізгі нормативтік-ресми құжаттар негізінде реттеледі. Оларға келесі негізгі нормативтік құжаттар жатады:



Бұйрық номері, қабылданған уақыты

Құжат атауы

1

№604, 31.10.2018

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

2

№557, 20.12. 2012

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспары

3

№595, 30. 10. 2018

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалалары

4

№668, 05.12.2018

Балаларды ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдыларын өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын бағдарлама


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет