2 ДӘріс мемлекет, құқық және мемлекеттіқ құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2) Дәріс мақсаттары



Дата15.12.2021
өлшемі16,34 Kb.
#101519
Байланысты:
№ 2 ДӘРІС
лекция социология2020, № 2 ДӘРІС, № 2 ДӘРІС, № 2 ДӘРІС, № 2 ДӘРІС, № 2 ДӘРІС

2 ДӘРІС
Мемлекет, құқық және мемлекеттіқ құқықтық

құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2)


Дәріс мақсаттары:

1. Мемлекет, құқық және мемлекеттіқ құқықтық негізгі ұғымдармен таныстыру

2. Құқықтық тәрбие

ЖОСПАР

1. Құқықтық нормалардың ұғымы және тұрлері (құрылымы)

2. Құқықтың қайнар қөздері (негіздері)

3. Құқық бұзушылық ұғымы, белгілері, түрлері


1. Құқықтық нормалардың ұғымы және тұрлері (құрылымы)

Құқықтық норма дегеніміз мемлекет таныған камтамасыз еткен қоғамдық қатынастарға араласып тұсушілердің құқықтары мен міндеттерің туындататың олардың әрекеттерің үлгі эталон өлшем есібінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже.

Құқық нормалары – мемлекеттіқ және қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар, барлық азаматтар орындауға міндетті мемлекет белгілеген және бекіткен мінез-құліқ ережелері

Құқықтық норма – заңға сәйкес келетің мінез, жүріс-тұрістың айырымдылық белгісін білдіреді. Оның қзі заңмен қөзднлген істің шешімің табуға мұмкіндіқ береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі болады: гипотеза (жорамалы); диспозиция (мазмұны, өзегі); санкция.

Гипотеза (жорамалы) – құқықтық норманы қолдау немесе қолданбау үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екеннің қөрсететің құқықтық норманың болшегі. Мысалы, егер адам іс-әрекет жасаса ғана заң бұзышы жауапка тартылады.

Диспозиция – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екеннің құқықтың норманың болшегі. Диспозиция-құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі.

Санкция – құқықтық норманың қорытынды бөлігі, диспозициядағы әрекетті жасағаны үшің немесе әрекетсіздігі ұшін жауапкершілік өлшеміне ие. Бұл мінез-құліқ ережесін сақтамаудан немесе құқық нормасы белгілеген шектен шығып кетуден болатын салдар.
2. Құқық бастаулары (негіздері)

Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін ресми түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жигері.

Әдетте құқық негіздері 4 тұрге бөлінеді:

1. құқықтық әдеттер;

2. сот прецеденті (ұлгілер),

3. құқықтық келісім-шарттар;

4. нормативтык - құқықтық актілер (НҚА).

Құқықтық әдеттер – қоғам өмірінен шыққан адамдардын қарым-қатынасын реттейтін ресми тұрде беітілген әдет-ғұрыптар («Жеты жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы»).

Құқық прецеденті (ұлгілер) – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім тқменгі мемлекет органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады (АҰШ, Англия, Үндістан, Австралия).

Құқықтық келісім-шарттар – екі, немесе көп жақтытың өз еркінімен жасалған, ресми түрде бекітілген келісім (халықаралық келісім - шарттар).

Нормативтык-құқықтық актілер (НҚА) – мемлекеттіқ органдар ресми тұрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтын, жалпыға бірдей міндетті құжат, акт. ( ҚР Конституциясы).

3. Құқық бұзушылық ұғымы, белгілері, түрлері

Құқық бұзушылық – мемлекеттіқ немесе қоғамдық тәртіпқе, меншіққе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына зиян қелтіретің құқық субъектілерінің құқыққа қайшы қінәлі әрекеттерің (әрекетсіздігің) айтады.

Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті, қінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздіқ.

Құқықтық бұзушіліқтің мазмұны төрт бөлімнен тұрады:

1. Құқықты бұзудың объектісі – құқық арқылы реттелетін қорғалатын қоғамдық

қатынастарың түрлері;

2. Құқықты бұзудың субъектісі – жеке немесе заңды тұлғалар;

3. Құқықты бұзудың объективтік жағы – теріс қылық жәнеоның зияны;

4. Құқықты бұзудың субъективтік жағы – теріс қылық жасаған субъектінің

(қасақана немесе абайсыздықтан) анықталуы

Құқық бұзушылық белгілері:

1. қоғамға қауыпті әрекет; 2. құқыққа қарсы әрекет;

3. кәнәлылық; 4. жазалаушылық

Құқық бұзушылық түрлері:

1. тәртіптіқ заң бұзушылық; 2. әкімшіліқ заң бұзушылық;

3. азаматтық заң бұзушылық; 4. қылмыстық заң бұзушылық (қылмыс)

Бақылау сұрақтары:

1. Құқықтың мәні, жұйесі

2. Заң дегеніміз не?

3. Сот прецеденті

4. Қылмыс ұғымы

5. Қылмыс санаттары

6. Санкция дегеніміз не?

7. Қоргауші қызметі

8. Құқық субъектлері

9. Құқықтық жауапкершіліқ ұғымы және тұрлері



10. Құқық қағидалары

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет