2 есептеу теориялық БӨлім


Білімді бақылау әдісін талдау



бет4/10
Дата17.12.2019
өлшемі1,11 Mb.
#53663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-23252


2.3.3 Білімді бақылау әдісін талдау

СДО-да меңгерілетін оқу материалы бойынша білім деңгейін бағалау мәселесі маңызды орын алады. Білім беру жүйесінде алған білімдерін бақылау механизмін жүзеге асырудың көптеген алгоритмдері мен әдістері қолданылады, олардың бірнешеуін қарастырайық.



а) Стандартты әдістер

Жалпы қолданыстағы әдістерде бақылау жүйесі кездейсоқ ретте түрлі сұрақтар қояды және кейбір алгоритмдердің негізінде қорытынды бағаны шығарады [28]. Бағалауда стандартты тәсілдерді пайдалану кезінде алдымен тест үшін дұрыс жауаптар санының шегі дайындалады. Мәселен, b – дұрыс жауаптар саны, n – дұрыс жауаптардың максимал саны, ал – бағалау.
 (1.7)
Кейбір жүйелерде, мәселен Lotus LearningSpace жүйесінде білім алушы максималды мүмкін балдың (балдық бағалауда) ішінен тек жалпы жиналған балл санын алады. Мұндай бағалау тәсілінде әрбір тапсырма белгілі бір балл санымен бағаланады:
 (1.8)
- і-ші тапсырма үшін max балл, n – тапсырмалар саны, x – жинаған балл саны.

Атауынан көрініп тұрғандай, пайыздық баға, сұрақтарға дұрыс жауаптардың санын %-бен көрсетеді.


(1.9)
Ары қарай тапсырманың күрделілігін ескеретін әдістер, білім алушы моделінің ағымдағы көрсеткіштері (рейтингтер, өткен материалдардың саны жәнет.б.) қарастырылады.

ә) Алгоритмдік әдіс

Алгоритмдік тәсіл «егер дұрыс жауап берілсе, R сұрағына көшу, егер қате жауап берсе, N сұрағына көшу» түріндегі ережеге негізделген. Мұндай әдіс білім берудің «қатаң» алгоритмін құруға мүмкіндік береді.

Бұған қарағанда «жұмсағырақ» тәсілді көрсету үшін Интеллектуалды Компьютерлік Білім Беру Ғылыми-Зерттеу Кешенінде (ИКОНИК) [29] жүзеге асырылған тестілеу механизмін қарастырамыз.

Тестің иеархиялық құрылымы 7-суретте көрсетілген. Сұрақтар тиісті символдармен белгіленген, жауаптарының нұсқасы – цифрлармен, таңдалынған жауаптарға түсініктер тіктөртбұрыштармен белгіленген. Қате жауаптар (дистракторлар) штрихсіз көрсетілген, дұрыс жауаптары, сондай-ақ жауаптардың сәйкес жауаптары және оларға түсініктемелермен қосымша сұрақты (екінші деңгейдің) қажет ететін «толық берілмеген дұрыс жауап» бояумен ерекшеленген. Жауаптың белгілі бір нұсқасын таңдай отырып, жауап беруші тиісті бағасын тестті құрау кезінде сараптамашымен тағайындалған пайыз көлемінде алады. Бірінші деңгейдің толық дұрыс жауабы үшін 100%, қате жауабы үшін 0%, толық берілмеген дұрыс жауабы үшін 0-ден 100%-ға дейін алады [30].

Екінші деңгейде ол қосымша балл ала отырып өзінің нәтижесін жақсарта алады немесе керісінше минус белгісімен айып (штраф) балдарын ала отырып нашарлатуы мүмкін. Тестті құрастыру кезінде сарапшылармен салмақты мән беріледі және ережеге сәйкестігі автоматты түрде бақыланады, оларға сәйкес, мысалы, қорытынды нәтиже 0-ден 100%-ға дейін, сонымен қатар басқа да болуы мүмкін. Сыналушы бірінші немесе бірінші және екінші деңгейлерден өту нәтижесі бойынша жалпы бағасын пайыз көлемінде алады және бірінші деңгейдің жаңа сұрағына көшеді (өту кезіндегі сұрақтар түрлі болуы мүмкін, ол алдыңғы берілген жауаптың дұрыс немесе қате болуына қарай).



Сурет 2.3 – Жетістіктер тесті құрылымы

Келтірілген құрылым екі деңгеймен шектеледі, бұл айқындайтын, анықтайтын, жетекші түсініктер және «қатаң» сұрақтарға қарағанда қосымша «құтқарушы» сұрақтары бар сұраудың жұмсақ, интеллектуалдық режимін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мұнда жауаптағы тіпті шамалы қателіктің өзі қате жауап болып есептеледі.

Жүйеде қолданылатын деңгейлер санының ұлғаю мүмкіндігі қарастырылған – ол үшін тесттің құрастырылуы мен құрастырушы үшін қиындықтардан басқа қатаң шектеулер қойылмайды.

Сонымен, көпдеңгейлі тест тек бақылауға ғана емес, білім беруге де арналса, орнықты болады.

б) Тізбектелген дифференциалайтын әдіс

Тізбектелген дифференциалайтын үш деңгейлі компьютерлік тестілеу технологиясының мәні бойынша [31] тест сұрақтарына жауап беру үрдісінде білім алушы білімінің қиындғы және күрделілігі бойынша оның меңгерген білім деңгейіне сәйкес «автоматты» бағасы шығады. Мұнда білім алушыға жоғары деңгейде меңгерген білімімен ол үшін «жеңіл» тапсырмаларға жауап бермесе болады, ал білімі нашар сыналушы ол үшін «өте қиын» сұрақтарға «бас ауыртпайды», нормативті және критерилі-бағытталған тестілеудегі сияқты емес.

Дифференциалайтын тестілеу үшін түрлі типте құрастырылған сұрақтар банкісінен құралған («дұрыс жауапты таңдау», «сәйкестікке», «құрастыру», ашық және ситуациялық) тесттер пайдаланылады. Сұрақтардан өспелі күрделі және қиын (0,1-ден 1,0-ге дейін)тапсырмалары бар матрица құрылады. Матрицаның әрбір көлденең қатарында бірыңғай күрделі және қиын тапсырмалар орналасып, сондай-ақ олар бірдей тізбектегі тараудың барлық модульдерін ұсынады.

Бірінші қатар 0,1 қиындығымен «дұрыс жауабын таңдау» қарапайым сұрақтарынан, оларда бірнеше дайын нұсқа ішінде тек біреуі дұрыс болады және сыналушыға мұны білу жеткілікті.

Екінші және үшінші қатар «бірнеше дұрыс жауабын таңдаңыз», «сәйкестік» немесе 0,2 және 0,3 қиындық өлшемімен «құрастырыңыз» күрделі тапсырмаларымен ұсынылған. Бұл тапсырмалардағы дұрыс жауап сыналушы білуі тиіс бірнеше дайын бөліктерден құралған.

Төртінші, бесінші және алтыншы қатарларда «сәйкестікке», 0,4, 0,5 және 0,6 қиындық өлшемімен «құрастыр» немесе «бір ізге қой» күрделі тапсырмалары бар, оларға жауап беруде сыналушы тиісті білімін көрсету керек.

Жетінші, сегізінші және тоғызыншы қатарларда 0,7-0,8-0,9 қиындық өлшемімен «бір ізге қою», «ситуациялық» біршама күрделі тапсырмалар ұсынылған. Оларға жауап білім алушыдан нақты жүйелік білімді талап етеді, яғни оның нақты тапсырмаларды шешуде өзінің теориялық білімін қолдана алуы.

Оныншы қатар шешу үшін кең, терең, жүйеленген білім қажет болатын ситуациялық тапсырмалардан тұрады. Әрине, бұл тапсырмалар оқу материалын жетік меңгерген терең білімі бар білім алушыларға арналған.

Тестілеу механизмі білім алушы тапсырмаға дұрыс жауап берген соң күрделі тапсырмаға көшетін, қате жауап берген жағдайда жеңілдеу тапсырмаға көшетін болып бапталған, яғни тестілеу барысында әрбір сыналушы матрицадағы тапсырмалардың жалпы санынан 10-15% көлемінде өз білім деңгейіне сай балл алады.

Сыналушылардың білімін дифференциалды тест көмегімен меңгерілген білім сапасын түзетіп талдау мен дәстүрлі тәсілмен түзетіп бағалау деңгейінің жоғары деңгейін көрсетті (Пирсонның түзету коэффиценті – 0,715) [32].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет