2 I. Негізгі бөлім



бет1/16
Дата20.11.2023
өлшемі322,32 Kb.
#192156
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ас орыту физиологиясы
Қ.тарих 1000сұрақ-жауап, 9 а 12.04.22, 4 Б В синф Математика узб тест, квант, Пиза 2020-2021 жоспар (1)

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................2
I. Негізгі бөлім.........................................................................................................3
1.1 Ас қорыту физиологиясы...................................................................................3
1.2. Сілекей бөлу, құрамы мен маңызы..................................................................4
1.3. Қарындағы ас қорыту …................................……………………..............….6
1.4. Асқорыту ферменттері ……….............….......................………………..…10
ІІ. Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері …….......................…..15
2.1. Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері .....……...…..17
2.2. Ішектегі ас қорыту ……...………..…....………….........................................19
2.3. Ауыз қуысының кұрылысы және астың қорытылуы .................………….23
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................29

Кіріспе

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.


Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.
Адамда асқорыту жолының ұзындығы шамамен 8 - 10 м. Асқорыту жолының қабырғасы Сыртқы қабаты Ортаңғы қабат Ішкі қабат Дәнекер ұлпадан Бұлшықет қабаты Эпителий ұлпасынан тұратын сірқабат түзілген Ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабықша болып табылады. Сілемейлі қабықшаның жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал оның астындағы төменірек орналасқан ұсақ бездер асқорыту сөлін бөліп шығарады. Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп. Ортаңғы қабат тамақтың асқорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады.
Адам организмінің калыпты тіршілік әрекеттері үшін оның барлық жасушалары мен ұлпалары үнемі қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек. Қоректік заттарды қажетсінуі, ең алдымен, организмнің энергетикалық шығынына байланысты. Тамақ құрылыс материалы ретінде, организм өсуі үшін, жасушалардың жаңартылуына, ұлпалардың жойылған бөліктерін қалпына келтіруге, ссндай-ақ жұмсалған энергияны толықтыру үшін қажет.
Қоректік заттар дегенімізнәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер. Оларды организм күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдерінен алады. Витаминдер, минералды тұздар мен су өзгеріссіз дереу қанға сіңіріледі. Нәруыздар, көмірсулар мен майлар күрделі органикалық қосылыстарға жатады, бұл күйінде организмге сіңбейді. Олар ас қорыту жүйесінде күрделі өндеуге ұшырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет