2-ж; Ту тігілді халқымның бүгін бағына



Дата21.12.2022
өлшемі9,22 Kb.
#163812
Байланысты:
Іс-шара
МТЖ емтихан сұрақтары, Практика-2апта-Базарбай Рыскүл, 61342 (2), Дәптер сырттары

1-ж: Армыссыздар тәуелсіз елдің тәуелсіз азаматтары, ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-еліміздің тұғыры » атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік ең басты байлығымыз, мақтанышымыз және тірегіміз. Тәуелсіздікке жету жолы аса ауыр жолдардың бірі. 1991 жылы Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, қазіргі деңгейімізге жету үшін аса үлкен жұмыстар атқарылды. Елбасының және барша Қазақстан азаматтарының арқасында Қазақстан тұрақты әрі бейбітшіл мемлекетке айналды

2-ж; Ту тігілді халқымның бүгін бағына


Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Дей келе 10 сынып оқушысы Әлзақ Ардақты « »
Әнімен ортаға шақырамыз

1-ж; Арайланып атты бүгін ақ таңы,


Шұғылалы шуақ шашып жатқаны
Қазағымның мерейі өсіп жатқаны
Демекші 10 г сынып оқушыларының биін қабыл алыңыздар
2-ж Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,


Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Оқушыларымыздың тәуелсіздікке арнап жазған өлеңдерін қарсы алыңыздар


1-ж; Тарихымызда елеулі орын алатын 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасы. 5-ші пленумда небәрі 18 минутта ешкімге бейтаныс Колбинді сайлау туралы шешім қабылданды . Осы жаңалықты естіген жігерлі жастарымыз бейбіт шеруге шықты. Осы оқиғаға арналған көрінісімізді қабыл алыңыздар.

2-ж; Бүгінгі мерекеге арнап жасалған іс-шара жайлы сөз кезегін

береміз.

1-ж; Тәуелсіздікті алғаннан бері талай ірі істер атқарылып келеді, жәнеде болашақтада жаңа бастаулар жасалып талай шаруалар орындалатыны белгілі.



Еліміздің көркеюуі үшін сіз бен біз өз үлесімізді қоссақ. Ол үшін көзі ашық саналы азамат болуымыз қажет. Ал біздің іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Амандықта жүздескеше қош сау болыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет