Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөз таптары туралы білімдерін пысықтай түсу. Сөздерді сөз таптарына ажырата білуге үйрету. Сөз таптарының сөйлемдегі алатын орны жайлы түсінігін қалыптастыру. Сөз таптарының жасалу жолын жайлы ұғым беру. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту. Өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау. Сабаққа деген қызығушылығын ояту. Танымдылық, білімділік, ізденімпаздық қабілеттерін дамыта түсу. Тәрбиелік: Әдемі, таза жазуға дағдыландыру. Оқушыларды ұйымшылықдыққа, бірін – бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:
түсіндіру, сұрақ-жауап,
ажырату, ойын әдісі,
топтастыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,
суреттер, ребустар, үлестірмелі қағаздар.
Пән аралық байланыс:
дүниетану, музыка.
14.4.10
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын пысықтау.
Ойын: «Сөз құра, тез құра!»
Сөздік жұмыс.
Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Ойын: «Сөздерді өз тобына бөл»
Қорыту, бағалау.
Үйге тапсырма.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Бірге өтер күніміз.
Сыныбымыз тап – таза,
Бор да дайын, тақта да.
Ойымыз тек сабақта.
«Сөз таптары»
Жаңа сабақ:
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
З з
Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
Ақпанның он жетісі
Сынып жұмысы
Сөз таптары
Оқулықпен жұмыс:
1 – жаттығу. Мәтінді оқу.
2 – жаттығу. Әр сөз табы туралы білетініңді айт.
3 – жаттығу. Сөздерді оқу. Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыр.