2 курс студенті гр. Мо-22-1



бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі26,92 Kb.
#194704
түріДиплом
1   2   3
Байланысты:
Эссе Шектибаева
слайд, Документ Microsoft Word
Іскерлік хаткәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады. Хатты жылдам әрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін және оған қойылатын талаптарды білген жөн.
Қызметтік хаттар – бұл іс құжаттарының ең көп тараған түрі. Хат басқа кәсіпорынмен немесе мекемелермен әртүрлі мәселелер бойынша жедел байланысу үшін жасалады.
Хат мазмұны және мақсаты бойынша ақпараттық, кепілдік, рекламациялық (наразылық), коммерциялық, сұрату-хаттар, шақыру хаттар және т.б. болады.
Іскерлік хат этикеті – мінез –құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы.
Іскерлік қарым –қатынас белгілі бір мінез –құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады:

  • іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек;

  • адамгершілік;

  • мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;

  • құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.

Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау -өзін -өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.Кәсіби такт –бұл қарым –қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.Шетел азаматтарымен іскерлік қарым –қатынасжасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді.Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым –қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту –бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді.


Іскерлік корреспонденцияның таза коммерциялық түрлеріне төмендегідей хат түрлері жатады: сұраныс хат, талап хат, ұсыныс хат, айып хат және осы хат түрлеріне берілетін барлық жауап хаттар. Іскерлік хатар ұйымдастыру мәселесін хұқықтық мәселелерді, корреспонденттер арасындағы экономикалық қатынас мәселелерін шешеді. Іскерлік хаттың хұқықтық статусы - іскерлік хаттар әрқашанда ресми хабарлау болатындығымен түсіндіріледі. Іскерлік хаттағы хабарларға протоколдық сипат тән. Іскерлік хаттар осы кезеңге дейін байланысты ең көп тарған түрі болып келеді. Телекс, телефон, компьтерлік байланыс өте тез, жылдам іске алайда хаттың да өз артықшылығы бар: ол көлемі, арзандығы, әсер, заң тұрғысынан тыңғылықтылығымен маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет