2 ҚҰЛАҚтандыру


-ші декабрьде жасалған қаулылар



Pdf көрінісі
бет36/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
17-ші декабрьде жасалған қаулылар: 
1.  Оқу  комиссиясының  ағзаларына  қалада  5  сом,  қырға  шығатын  болса  12  тиын 
шақырымына жолдық берілсін. Бұл комиссияға сайланғандар: 
1) П.А. Гуде, 2) Г.Т. Тарасевич, 3) А.Әлімбеков, 4) Т.Өтеев, 5) М.Малдыбаев. 
2. Үйезный милиция шығыны бірінші  январьдан бірінші  апрельге дейін 54 мың 355 сом 
берілсін. 
3.  Бір  милиция  бастығы,  4  помощник.  Мұның  бірі  мылтық  әдісін  үйрететін  инструктор, 
үшеуі ел аралап, болыс басы қойылатын екі бақылаушыны тексеріп жүретін болсын. 
4.  Үйезный  қазақ  соты  ашылып,  дереу  іске  кіріссін.  Үйезный  сотқа  сайланғандар: 
председатель  А.Молдабаев.  Ағзалар:  Құрман  Есенқұлов,  Тұрағұл  Ибраһимов. 
Кандидаттар: Айтмұхаммед Ермұхаммедов, А.Қазанғапов, М.Қуандықов. 
5. Земствоның ашылған белгісіне Алаш дуанында «Еңбек үйі» салынсын. Бұған соғыстан 
жараланып,  мүшесінен  айырылған  кем-кетіктер  һәм  жетім  қалған  балалар,  жұмыс  таба 
алмай қаңғырғандар кіретін болсын. «Еңбек үйін» салуға мың сом ақша қор берілсін. 
Осыдан  соң  Семейдің  үйезный  земствосының  тұңғыш  жиылысы  жабылып  тарады.  Аз 
күнде  осындай  көп  жұмыс  бітіріп,  халыққа  қызмет  қылу  міндет  екенін  сезіп,  орынсыз 
таласқа  орын  бермей,  ылғи  іс  ойлап,  бірлігін  бұзбай,  қазақ  тобының  кеңес  құрғаны 
өзгелерге  үлгі  боларлық  болды.  Сынай  келген,  қазаққа  төмен  көзбен  қарайтын  орыстар 
тамсанып,  адасқанын  біліп,  сүйсініп  қалды.  Кейінгі  жиылыстары  да  осылай  болса  екен 
деген тілеудеміз. 
Жас Алаш 


29 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет