2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет6/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
СТЕПНОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ 
ОКРУГЪ КИРГИЗСКОЙ ПАРТИЙ «АЛАШ» 
№5 
1) Букейхановъ Алиханъ, Оренбургъ. 
2) Турлубаевъ Айдарханъ, Омскъ. 
3) Ермековъ Алимханъ, Семипалатинскъ. 
4) Габбасовъ Халиль, То-же. 
5) Сеитовъ Асылбекъ, Омскъ, 
6) Бочтаевъ Мукучъ, Баянъ-Аулъ. 
7) Итбаевъ Ережепъ, Омскъ. 
8) Акпаевъ Якубъ-мурза, Каркаралы. 
9) Джанайдаровъ Сеилбек, Атбасаръ. 
10) Марсековъ Раимжанъ, Семипалатинскъ, 



 
11) Тлеулинь Жумагалий, Петропавловскъ. 
12) Сарсеневъ Бий-Ахметь, Семипалатинскъ. 
13) Дюсембаевъ Рахимж., Акмолинскъ. 
14) Козбагаровъ Ахмелж., Семипалатинскъ.  
15) Джумабаевъ Магжанъ, Омскъ. 
16) Сатпаевъ Абуэрейра, Баянъ-Аулъ. 
17) Меченбаевъ С., Атбасаръ. 
18) Ускембаевъ Базикенъ, Зайсанъ. 
19) Кусемысовъ Салмакбай, Петропавловскъ. 
Осы көрсеткендей запискаға (қағазға) ешбір нүкте қойылмай, бөгде сөз, кісі аты, қай ауыл
қай  болысқа  қарайтындығы  жазылмай,  басулы  тұрған  кісінің  біреуінің  аты  өшірілмей, 
былғатпай,  кірлетпей,  уқаланбай,  таза  берілсе,  санағанда  есепке  алынады.  Әйтпесе,  бос 
қалады.  Сақтаныңдар:  «бере  тұр,  көрейін»  деп  алып,  қолында  тығулы  қарындашымен 
көрсетпей сызық салып, болмаса басқа бір записканы бере қоймас үшін ешкімге, әсіресе, 
орыстарға көрсетпеңдер! Пәлендей номер записканы бергелі турмын деп айтпаңдар. 
Записканы  біреу  үшін  біреу,  інісі  үшін  ағасы,  әкесі  үшін  баласы  салуға  болмайды. 
Давернес  беріп,  орнына  кісі  жіберіп  салдыру  таты  болмайды.  Әркім  сайлау  басына  өзі 
барып,  өз қолынан береді. Сол себепті  сайлау списогіне кірдің, пәлен жерде запискаңды 
бересің  деп  қаладағы,  болыстағы  комитеттер  күн  бұрын  кісі  басы  бір  дәстебірне  және 
әрбір  жарысқа  түскен  партиялардың  санына  қарай  есептеп,  бірнеше  записка  үлестіреді. 
Ақмола мен Семей облыстарында бәйгеге қосылып тұрған қазір 8 партия. Мұның бірі — 
5-ші  нөмер  «Алаш»  партиясы.  Осы  партиядан  кісі  басы  8  записка  һәм  бір  дәстебірне 
беріледі. Әрине, қолға алған соң керек еместерін отқа өртеп жіберсе де жарайды. 
Сайлау  басына  келіп,  тас  саларда  кімді  сайлағалы  тұрғанын  білдіртпеу  үшін  әркім 
запискасын  конвертке  (қалта  қағазға)  салып  береді.  Конверт  күн  бұрын  үлестірілмейді. 
Сайлау  күні  әркім  өзі  келіп,  дәстебірнесін  комиссияға  көрсетіп,  комиссиядан  алады. 
Конверттің үстінде окружный, үйезный яки шаһар комиссиясының басылған мөрі болады. 
Дәстебірнесін  көрсетіп,  мөрлі  конверт  алған  соң,  оңашаға  шытып,  ұнатпай  өртегенде 
керек қылып алып қалған запикасын конвертке салады. Ауызын желімдеп жабыстырады. 
Қайта келіп, комиссияның председателіне береді. Председатель алады да көзінше жәшікке 
(қобдиға) салады. Бір кісі бір-ақ записка салады. Өзгелерін алғаш үлестірген күні жойса да 
болады. Қазаққа керегі 5-ші нөмер «Алаш» партиясының запискасы! 
Елдегі  болысной  комитеттердің  адамдары,  ардақты  ақсақалдар  мен  зиялы  жастар, 
сіздерден көп өтініш: дәстебірне мен запискаларды ертерек елге таратып, списоктегі алаш 
балаларының  бәріне  түгел  үлестіріп,  26-ші  декабрь  мен  31-ші  декабрь  арасындағы  алты 
күннің ішінде әрбір алаш баласын тас салдыруға қам қыла көріңіздер! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет