2 ҚҰЛАҚтандыру


Семей облысының «Алаш» комитеті



Pdf көрінісі
бет7/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Семей облысының «Алаш» комитеті  
 
 
 



 
Өлең 
ҚАУЛЫ 
Жұрт тығыз, терлеп отыр ыстық үйде, 
Желпініскен ағытып, тана, түйме. 
Бай да бар, шешен де бар, көсем де бар
Меш кеуде толып отыр, тоқпақ шүйде. 
 
Біреу сөз инабатты бастап отыр, 
(Сірә бір игілікті жасап отыр). 
Халық үшін қарайғанын құрбан қылып, 
«Кел бері!» деп дос-жаранға қақсап отыр. 
 
Бұрыннан әңгіме еді ойда жүрген, 
Айтылып талай жиын, топта жүрген. 
Жарайды, әлде болса кештік қылмас, 
Қайратын жұрт жұмсасын бойда жүрген. 
 
Ұят та басқалардан қалғанымыз, 
Далаға кетпес бұған салғанымыз. 
Бай малын, батыр күшін аямасын, 
Ендігі осы бол сын арманымыз. 
 
«Бәлі-ай» деп шұлғып отыр отан жұрты
Бәрінің ауған білем солай мұрты. 
Басшының айтқанынан шықпайтұғын, 
Бұл елдің болса керек сондай тұрпы. 
 
Мынау бай, алалық жоқ, анау кедей
Бұл найман, алалық жоқ, анау керей. 
Бәрі де шамасынша салмақ болды
Ат демей, атан демей, ақша демей. 
 
Қаулыдан көрінбейді қалатындар, 
Бәрі де өлімге айда, баратындар. 
Қалса да жалғыз өзі қайтар емес, 
Жоқ болса, көк шолағын салатындар. 
 
Сонымен жұрт тарайды асын ішіп
Таң атса таз қалыпқа қалған түсіп. 
Қаулыны күнде-күнде жасайтұғын, 
Ет бар ма қазан-қазан тұрған пісіп. 
 
Сөз бітті, ет желінді, қаулы қалды, 
Халыққа өкпе бар ма, аузына алды. 
Еттің де, елдің даты өркені өссін! 
Ермектік бір әңгіме болды, қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет