2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет63/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
ҚЫТАЙМЕН ЕКІАРА 
Күншығыс  жақтағы  орыс  қалаларынан  телеграм  жаңбырдай  жауды.  «Қытай  хүкіметі 
Россияға  ешнәрсе  өткізілмесін  деп  жарлық  шашты.  Қытай  солдаттары  бірте-бірте  келіп, 
кимелеп  барады.  Көпшілдерді  дүркіретіп  қумақ.  Күнбатыс  Сібір  қарайласып,  астық 
жібермесе, аштықтан қырылуға таяндық» деп. 
 
ЗОРЛЫҚ 
Кереку  қаласындағы  Қожылдақ  дегеннің  17  жастағы  қызын  Алтыбай  елінің  60  жастағы 
Әлдеке деген шалы 3 мың сомға айттырған екен. 
Әкесінің  алған  малы  жолдас  болмайтынын  біліп,  шалға  тиіп,  жас  өмірімді,  қызық 
дәуренімді  қоршылықпен  өткізбейін  деп  қыз  өзі  теңдес  жас  жігітпен  қашқан.  Қыз  бен 
жігіт Керекуден 10 шақырым жерге барып, паналап жатқан. Оңай олжа табылатын ыңғайы 
келсе  жібермейтін  Балқыбек  Қарымбай  баласы  150  сом  сүйінші  алып,  үстінен  түсірген. 
Қуып  барғандар  бір  жағы  зорлық,  бір  жағы  алдауменен  жігіттен  қызды  айырып  алып, 
Әділше деген қажының үйіне сақтауға қояды да 60 жастағы күйеуге хабар береді. «Міне, 
жесірің  кеткелі  жатыр,  қайтушы  едің?»  деп.  Жасарғысы  келген  ақсақал  қыздың 
жақындарына  тағы  да  ақша  беріп,  ықтиярсыз  түнде  шанасына  мінгізіп  алып  жөнелген. 
Шариғатшыл моллалар саясат ісін қоя тұрып, еріксіз шалға қыз сатуды қазаққа қойдырса 
екен.  Қойдыра  алмаса  өмір  жолына  көлденеңдеп,  дін  атын  сатып,  тіршілік  ісіне 
қатынаспаса екен. 


62 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет