Ел хабарлары ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫ Қоқаннан алынған телеграмға қарағанда большевиктер Түркістан автономиясының
хүкіметін қуыпты. Министрлерінен Исламшаһ Ахметов қолға түсіп, басқалары қашып
кетіпті. Алғашқы бас министрі соңғы кезде ішкі істер министрі Мұхаметжан
Тынышбайұлы хүкімет қуылмастан бұрын шығып, Жетісу кеткен көрінеді.
Соңғы агентский телеграмдар хабарынша большевик әскерімен сарттар соғысып, екі
жағынан екі мыңдай адам қырылған. Ақыры не болғаны белгісіз.
ЖЕТІСУ КОМИТЕТІ Жетісу облысының қазақ комитетін большевиктер жоғалтып, комитет бастығы Ыбрайым
Жайнақұлын, Отыншы Әлжанұлын һәм Сатылған Сабатайұлын абақтыға жауыпты.
АҚМОЛА КОМИТЕТІ Ақмола облысының қазақ комитетін жоғалтып һәм ағзаларынан Мағжан Жұмабайұлы һәм
Қазы Тұрсынұлын большевиктер абақтыға жапты. Өзге ағзаларын да жаппақ ниеттері бар.
Бұл бүлікті шығарып отырған кәдімгі Көлбай һәм компаниясы.
Қазақ «қамқоры» Көлбай мұның алдында Қызылжарда жиырма шақты кісілерді
жаптырып, Қызылжарға бір жарым миллион ақша тарттырып еді. Ол жабылғандардың
ішінде үйезный земский управа ағзалары Жұмағали Тілеулинұлы һәм Біләл Малдыбайұлы
бар еді. Бұлар шықты.