2 ҚҰЛАҚтандыру


«ҮШ ЖҮЗ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДОНОСЫ



Pdf көрінісі
бет88/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
«ҮШ ЖҮЗ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДОНОСЫ 
Басқармаға жаңада «Үш жүз» партиясы комитетінің шығарған бір қаулысы келді. Мұнда 
дағдылы  көп  өтіріктің  бірі  бар.  Бірақ  мұны  өтірік  деуден  гөрі  донос  десек  лайық  болар. 
«Үш  жүз»  партиясы  жазады:  «Алашордасының  бастығы  Әлихан  бостандық  дұшпаны 
Дутовпен  (казак-орыс  бастығы)  жолдастасып,  договор  (шарттар)  жасасты.  Бір  тамшы 
қанымыз қалғанша большевиктермен соғысуға уағда қыламыз» деп. 
Алаш  ұранды  қазақ-қырғыздың  Орынборда  жалпы  сиезі  болды.  Бұл  сиездің  қаулылары 
газет  біткенге  басылып  шықты.  Мұны  жұрттың  бәрі  біледі.  Қазак-орыспен  біздің  қазақ-
қырғыз  одақтаспағандығы  һәм  бұл  хуралы  ешбір  қаулы  болмағандығы  жұртқа  аян. 
Алашордасының басына сайланған Әлихан не істесе де сиездің қаулысымен жүреді. 
«Үш  жүз»  партиясы  Әлиханның  бір  басын  ғана  жамандап  отырса,  Көлбайдың  көп 
өтірігінің  бірі,  көп  қосығының  бір  шашырандысы  дер  едік.  Бірақ  бұл  жұрттан  шыққан 
имансыздар халықты шағыстырып, қазақ большевик әскерімен бір тамшы қаны қалғанша 
соғысқалы отыр деп от тастап, донос қылып отыр. 
Оттан-судан  сақта,  Құдай!  Жаудан-жұттан  сақта,  Құдай!  Бәрінен  бетер  Көлбайдың 
кесапатынан сақта, Құдай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет