№2-обөЖ. Тақырыбы: Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері


Қазақстандағы индустрияланырудың ерекшеліктері



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі77,17 Kb.
#88078
1   2   3
Байланысты:
№2 ОБӨЖ тарих.

2.Қазақстандағы индустрияланырудың ерекшеліктері.

  • Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы «Большевик» журналына (№1 саны) жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. Жұмысшылардың, әсіресе жеткіліксіз маманданған жұмысшылардың елеулі бөлігін ұжымдастырудың нәтижесінде күйзелген деревнялар мен ауылдардың шаруалары құрады. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді т. с. с. Республикаға мамандар сырттан өкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан - Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет