Сабақ №21 10-сынып. Дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Түркия Сабақтың мақсаты



Дата24.07.2017
өлшемі48,51 Kb.
#21965
түріСабақ
Сабақ № 21

10-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Түркия

Сабақтың мақсаты:

  • 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себебі мен алғышарттары сұлтандық үкіметтің Германияны жақтап дүниежүзілік соғысқа қатысуынан туған шаруашылық күйзеліспен тығыз байланысты екенін, негізгі қозғаушы күш Түркия шаруалары болғанын, ал саяси басшылығында ұлттық буржуазия топтары тұрғанын ашып көрсету;

  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;

  • Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызбалар, бейнематериал.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  • Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.

  • Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.

Мысалы:

Жаңа сабаққа көшу:



  • Балалар, бейнематериал не туралы айтпақшы?

  • «Түрік» сөзі естілгенде ең бірінші ойымызға не оралады?

  • Сендер өздеріңді түріктер қатарына жатқызасыңдар ма?

  • Түркияны қай қырынан танисыңдар?

  • Сендер үшін Түркия қандай ел? Жағымды ма, жағымсыз ба?

  • Астанасы қай қала?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы.

    • Түркия өз халқының қамын ойламай Германия блогын жақтап, әділетсіз соғысқа килікті.

    • Германия империялистерінің саяси және экономикалық үстемдігін жақтырмаған халық бұқарасы 1916-1917 жылдары майдан шебін тастап, елге қашты.

    • Соғыстан жеңілгеннен кейін Түркия жеріне Антанта тобының әскерлері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті.

    • Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор мен дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймағын басып алды.

    • Соғыс соңында Ресей тұтқыныда болған 80 мыңнан астам түрік солдаттары еліне қайтарылды. Және елге оралысымен халықты тәуелсіздік үшін күреске жұмылдырды.

  1. Құқық қорғау ұйымдарын құру

  • 1918-1923 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың басшылығында « Құқық қорғау ұйымдары» атты буржуазиялық патриоттық ұйымдар болды.

  • 1919 жылы осындай бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын Анадолыдан келген генерал Мұстафа Кемал паша өз қолына алды.

  • 1920 жылы Анкара қаласында Ұлы халық жиналысы (парламент)шақырылып,Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығын жариялады.

  1. 1921-1922 жылдардағы Ресей-Түркия келісімдері.

  • 1920 жылы Мәскеуге елші жіберіп, 1921 жылы 16 наурызда Кеңес-Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды

  • Кеңестік Ресей үкіметі революцияшыл Анкара тобына тегін 10 млн сомдық алтын, қару-жарақ, оқ-дәрі жеткізетін болды.

  1. Сакария шайқасы

  • 1921 жылы наурызда Түркия армиясы гректердің басқыншы армиясын шегіндіріп, бірінші жеңіске ие болды.

  • 1921 жылы 23 тамыз-13 қыркүйек күндері Сакария өзенінің бойынша шешуші жайқас болып, Мұстафа әскерлері жеңіске жетіп, 1922 жылы Анадолы аймағын гректерден тазартты.

  • Италия мен Франция әскерлері де елден шығарылды.

  • 1922 жылы Түркияның ұлы халық жиналысы сұлтан билігін жойып, империяның ақырғы сұлтаны Ү мехмед елден қуылды.

  • 1924 жылы 24 шілде күні Лозанна қаласындағы халықаралық конференция

  1. Ұлт-азаттық күрестің маңызы

  2. Кемал үкіметінің реформалары. /оқушыларға/

  3. 1930 жылғы Түркия республикасының беделінің тұрақтануы.

  4. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Түркия.

Терминдермен жұмыс.

Негізгі оқиғалары:



  • 1918-1923 жылдар-Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.

  • 1881-1938 жылдар-М.Кемал патша

  • 1921 жылғы 16 наурыздағы Түркия-Ресей келісімі

  • 1922 жылғы қарашада сұлтан билігін жою туралы заңның қабылдануы.

  • 1924 жылғы 20 сәуірде жаңа Конституция қабылданды.

  • 1932 жылы Түркия республикасы Ұлтар Лигасына қабылданды.

Сабақты бекіту:

  1. «БҮБ» әдісі бойынша

    Білгенім

    Үйренгенім

    Білгім келеді









  2. Оқушыларды үш топқа бөліп, төмендегі тапсырмаларды беремін.

І топқа . Мына жылдарға түсінік беріңдер

1)1818-1923 жылдар

2)1881-1938 жылдар

3)1911-1913 жылдар

ІІ топқа. Мына жылдары Түркия республикасында қандай заңдар қабылданды

1)1924 жылғы

2)1925 жылғы

3)1926 жылғы

ІІ топқа. Мына даталардың маңыздылығы неде?

1)1923 жылғы 29 қазан-

2) 1923 жылғы 13 қазан-

3)1924 жылғы 3 наурыз-

1924 жылғы 20 сәуір-

1934 жылғы 24 қараша-



  1. жылғы-

Үш топқа қойылатын сұрақ. Кемал Ататүрікті прогресшіл саяси қайраткер деуге болады ма?

Бағалау: өзін-өзі



Үйге тапсырма
Каталог: uploads -> doc -> 1239
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1239 -> Сабақ: Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сейтова Г. А
1239 -> Сабақ: Көркем еңбек Бөлім: «Дені саудың-жаны сау»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет