2 Өздік жұмыс дүниетануды оқытудың интерактивті әдістері


Танымдық процестерді дамыту теориялары. Ж. Пиаженің, Дж. Брунердің, теориялары ( Шунк Дейл «Оқыту теориясы» кітабы бойынша)



бет6/7
Дата24.02.2023
өлшемі176,47 Kb.
#170047
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дүниетану өз.жұмыс

9. Танымдық процестерді дамыту теориялары. Ж. Пиаженің, Дж. Брунердің, теориялары ( Шунк Дейл «Оқыту теориясы» кітабы бойынша)
Пиаженің танымдық даму жайлы теориясы


Пиаженің танымдық даму жайлы теориясы конструктивизмнің негізгі идеяларын сипаттайды. Бұл теория өте күрделі. Оны толығымен айтып шығу үшін бір дәріс жеткіліксіз. Пиаженің теориясы қазіргі кезде танымдық дамудың басты теориясы болмағанымен, ол әлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ және оның білім беру мен оқытуға қатысты бірқатар пайдалы жақтары бар. Пиаженің теориясын бойынша, балалар қоршаған ортаны түсіну үшін білімдерін қалыптастырып, оны қолданады деп ойлайды. Бұл концептілер туа пайда болмайды, балалар оларды күнделікті тәжірибелері арқылы қалыптастырады.
Пиаженің теориясының білім беруге қатысты алғышарттары мыналар:
Танымдық дамуды түсіну;
Оқушылардың үнемі әрекет үстінде болуы;
Диссонанстың болуы;
Әлеуметтік байланыс орнату.
Осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтсек, алдымен танымдық дамуды түсіну. Мұғалімдер үшін оқушыларының қандай деңгейде екенін білу аса маңызды. Сыныптағы барлық оқушы бір деңгейде әрекет ете аларлықтай болуы керек. Пиаженің тапсырмаларының көбін басқару оңай. Мұғалімдер оқушылардың білім деңгейін анықтап, соған сай білім беруі керек. Ауыспалы кезеңдегі оқушыларға жоғары деңгейлік білім берудің пайдасы көп, себебі, мұндай кезде олар қайшылықты байқай бермейді.
Оқушылар үнемі әрекет үстінде болуы керек
Пиаже пассивті оқытуды құптамады. Балаларға сыртқы әлемді танып-біліп, қарым- қатынасқа ену арқылы үйрететін бай орта керек. Мұндай іс-шаралар білімді белсенді түрде қалыптастыруды жеңілдетеді.
Диссонанстың болуы
Сырттан келген ақпарат оқушылардың танымдық құрылымымен сәйкес келмеген кезде даму орын алады. Оқу материалын толығымен ассимиляциялауға немесе оны аккомодацияға кедергі келтірерліктей жасауға болмайды. Оқушыларға шешім шығарып, қате жауап беру мүмкіндігін туғызу арқылы диссонанстың орын алуына да жағдай жасау керек. Пиаженің теориясының ешбір жерінде балалардың үнемі жетістікке жетіп отыруы қажеттігі жайлы айтылмаған. Мұғалімнің қате жауапты көрсетіп отыруы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді.
Әлеуметтік байланыс орнату
Пиаженің теориясы дамуға әлеуметтік байланыссыз-ақ жетуге болады деп есептегенімен, әлеуметтік орта танымдық даму үшін маңызды фактор болып табылады. Әлеуметтік байланыс орнатуға көмектесетін әрекеттердің пайдасы көп. Басқалардың да пікірін білуге болатын оқыту тәсілдері балалардың өзімшілдігін азайтуға көмектеседі. Пиаже білім беруге қатысты көптеген ережелер ұсынды. Оның пікірінше, сабақ жоспарын жасардың алдында барлық сынып мұғалімдері оқушылардың даму деңгейлерін анықтап алулары керек. Мұғалімдер оқушыларының қалай ойлайтынын білу арқылы танымдық қайшылықты қажетті деңгейде ғана үйрете алады. Бұл кезде оқушылардың қайшылықты жеңуіне ассимиляция мен аккомодация көмектесе алады. Бір тақырып үшін бір ғана сабақ жеткілікіз деген сөз. Сонымен қатар, кейбір оқушылар кейбір операцияларды басқаларынан жылдам игеріп алатындықтан, мұғалімдер олардың танымын дамытатын басқа да әрекеттерді жоспарлай білгендері жөн.


Брунердің танымдық даму жайлы теориясы
Брунердің пікіріне сүйенсек, «Нәресте кезден ер жеткенге дейінгі адамның интеллектуалдық қызметінің дамуы ақыл-ойды пайдаланудағы технологиялық жетістіктердің нәтижесі». Мұндай технологиялық жетістіктер тілдік деңгейдің артуы мен жүйелі білім беруге байланысты. Адамдар білімін үш түрлі жолмен қалыптастыра алады. Оларды даму ретіне қарай орналастырар болсақ олар мыналар: белсенді, икондық және символикалық.
Белсенді оқыту қимыл-қозғалыс жауаптары немесе қоршаған ортаға әсер ету жолдарын қамтиды. Икондық сипаттар әрекетке қатыссыз менталдық бейнелерді білдіреді. Символикалық сипат кезінде білімді кодтау үшін символдық жүйе қолданылады. Символдық жүйе- лердің көмегімен білімнің терең және еркін қасиеттерін сипаттауға болады.
Брунердің 1960 жылы мағыналы контентті кез келген жастың баласына үйретуге болады деген пікірі бәрімізге жақсы таныс болар. Онда Брунер былай деген еді: «Соңғы он жылда орын алған тәжірибелер мектептер кейбір маңызды пәндерді өте қиын деп кейінгі қалдыру арқылы алтын уақыттарын құр босқа өткеріп жүргенін көрсетеді. Кез келген пәннің негізін кез келген жастағы кез келген адамға үйретуге болады. Барлық ғылымның, математиканың және өмір мен әдебиетті суреттейтін тақырыптардың түпкі идеясы қарапайым да, күрделі де. Бұл идеяларға сай келіп, оларды тиімді қолдану үшін олар жайлы түсінігімізді ұдайы арттырып отыруымыз керек. Ал ол үшін аталмыш идеялардың күрделі формаларын қолдана білуді үйренуіміз керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет