2 Өздік жұмыс дүниетануды оқытудың интерактивті әдістері


Жаңартылған мазмұн бойынша қолданылатын спиральді оқытудың мәні



бет2/7
Дата24.02.2023
өлшемі176,47 Kb.
#170047
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дүниетану өз.жұмыс

3. Жаңартылған мазмұн бойынша қолданылатын спиральді оқытудың мәні.
Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламарының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральді білім беру бағдарламасының спиральдік қағидаты болып табылады. Ол оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы (Джером Брунер) моделіне негізделген.Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр.Спиральді білім берудің негізгі ерекшілігі: әрбір қайталанып оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады; оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпаратты толықтырып бекітіп отырады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; оқушыларды соңғы оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алынған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы өзгерістер: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.


4. Скаффолдингтің заманауи теориясы (Оқулықпен, оқу үдерісімен байланыстырып мысалдар келтіру)
Скаффолдингтің заманауи теориясы – бұл білім беру процесіне қатысушылар арасындағы өзара сенімге негізделген серіктестік. Оқу процесі барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету мақсатымен білім алушыларды қолдау қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды функциялардың бірі болып табылады.
Біздің елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілген, үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып анықталған критериалды бағалау жүйесі бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда
Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және нақты бағалау жүйесін іске асыру;
Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
мұғалімдердің бағалау саласындағы құзыреттілігін арттыру;
оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасау және олардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пәннің мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Скаффолдинг теориясы Л.С.Выготскийдің жақын арадағы даму аймағы түсінігімен тығыз байланысты, оқыту ең әуелі, когнитивтік емес, әлеуметтік, тұлғааралық деңгейлерде болады деп есептеледі. Аталған дәйектерге қарамастан, Л.С. Выготский «скаффолдинг» терминін ешқашан қолданбағанымен, ол адамның когнитивтік дамуындағы әлеуметтік өзара әрекеттің маңызды рөлін атап көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет